• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
19 Қазан, 01:43:43
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

14 Қазан, 2016 Спорт

«Қасым кубогы» – жезқазғандықтарда (ВИДЕО)

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Мұқан Иманжанов пен Баубек Бұлқышевтің 100 жылдығын мерекелеу аясында Жезқазғанда футболдан ҮІ «Қасым кубогы»...

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Мұқан Иманжанов пен Баубек Бұлқышевтің 100 жылдығын мерекелеу аясында Жезқазғанда футболдан ҮІ «Қасым кубогы» сарапқа салынды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Қарағанды облысы мен Жезқазған қаласының әкімдігі, өңірге белгілі кәсіпкер Бекзат Алтынбеков жетекшілік ететін Жезқазған бизнес және көлік колледжінің тізе қосуымен өткен доп додасына Астана, Қарағанды, Жезқазған қалаларынан Дәурен Берікқажы бастап келген «Астана» командасы, Айтбай Жұмағұлов пен Дидар Қамиді алға салған «Арқа» командасы, турнирдің екі дүркін чемпионы, қарағандылық «Рух» командасы, «Серпін» бағдарламасымен білім алып жатқан студенттерден құралған «Серпін» командасы, Жезқазған қалалық мәдениет басқармасының командасы мен жергілікті жастардан жасақталған «Ұлытау» командасы бар, барлығы алты құрама қатысты.

Сайыс нәтижесінде жезқазғандық «Мәдениет майталмандарына» бұйырды. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір