• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:42:09
Алматы
+35°

14 Қазан, 2016 Әлеумет

Жат ағымға ерген отбасылардың балалары мектепте әнұран орындаудан бас тартуда

Қазақстанның батыс аймақтарында дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанған адамдардың мектеп жасындағы балалары мемлекеттік әнұранды орындаудан және дене шынықтыру...

Қазақстанның батыс аймақтарында дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанған адамдардың мектеп жасындағы балалары мемлекеттік әнұранды орындаудан және дене шынықтыру мен сурет сабақтарына қатысудан бас тартып отыр деп,  хабарлайды Qamshy.kz NUR.KZ – ке сілтеме жасап.

Дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылар тарапынан төнген қауіп Қазақстан мектептеріне де жеткен тәрізді. Жергілікті билік органдарының хабарлауынша, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында 200 жуық оқушы мен студент жастар агрессивті діни ағымдарға бет бұрған.

Ата-аналардың айтуынша, хиджаб киген қыздар Қазақстан Республикасының әнұранын орындаудан бас тартып, оны орындау кезінде орындарынан тұрмайды, дене шынықтыру мен сурет сабақтарына әдейі қатыспайды. Басқа оқушылар мен ата-аналар мұндай әрекеттерден қауіптеніп отыр, жоғарыда аталған балалар құрбыларын «дұрыс емес мұсылмандар», «опасыздар» деп тіл тигізеді, агрессия танытып, «нағыз ислам» жолына түсуге үгіттейтін көрінеді.

Мектептерде хиджаб киюге тыйым салынғанына қарамастан, ата-аналар қыздарға орамал тағуды тоқтатпай келеді.

Қоғам қайраткері Аягүл Миразованың айтуынша, мемлекет бойынша ата-аналар мен мұғалімдердің басым бөлігі белгіленген ережені ұстанатын көрінеді.

«Қызмет бабымен Қазақстанның түрлі аймақтарында жиі боламын. Елімізде міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға қатысты оң көзқарас қалыптасқан деп сеніммен айта аламын. Ата-аналар бірыңғай мектеп формасының балалар үшін аса ыңғайлы әрі тиімді екендігін жақсы түсінеді. Сондықтан бірыңғай ережелерді сақтай отырып, біздің ұтарымыз көп. Киімге немесе дінге қатысты мәселелерге емес, балалардың білім деңгейіне және оларды толыққанды оқытуға басымдық жасау керек», - деп атап өтті қоғам қайраткері.

Ең қорқыныштысы, балалар қазақ мемлекеттілігі мен мәдениетін жоққа шығарып, жергілікті және орталық билікті жек көреді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір