• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:38:27
Алматы
+35°

15 Қазан, 2016 NEWS

Жұмысында шай ішіп, шылым шегетін шенеуніктер бақылауға алынатын болды

Жұмысында шай ішіп, шылым шегуге жиі шығатын шенеуніктерге де қиын болайын деп тұр. Мемлекеттік қызметкерлерді бақылайтын агенттік жұмыстағы бос жүрісті тыйып,...

Жұмысында шай ішіп, шылым шегуге жиі шығатын шенеуніктерге де қиын болайын деп тұр. Мемлекеттік қызметкерлерді бақылайтын агенттік жұмыстағы бос жүрісті тыйып, шылым мен шайға кететін уақытты белгілеп бермек.

Бұл туралы Qamshy.kz  31 арнаға сілтеме жасап барлайды.

Агенттік басшылары осылай ашуға мінсе, сенаторлар аздап ащы су ішкендерге кешіріммен қарау керек деп қызметкерлерді қорғаштап шықты.

Жалақысы аз деп етегі жасқа толатын мемлекеттік қызметкерлер енді асықпай отырып шай де іше алмайтын сияқты. Мемлекеттік істер жөніндегі агенттік шылым шегуге шыққыш шенеуніктер мен тамағы жиі құрғап қалатын қызметкерлерді қатаң бақылауға алмақ.

Сөйтіп қызметкердің жүріс-тұрысын уақытпен белгілемекке бекінген орган оларды тайм-менеджментке үйретеміз деп отыр.

Ішу демекші… Жұмыстан тыс уақытта, демалыста аздап ащы судан ұрттап қоятындарға кешіріммен қарау керек дейді депутаттар. Себебі сыра мен шарап ішкендерге жаза қолданылады деген соң, кей пысықайлар тентек суды тойда тұтынған шенеуніктерді де жазалай бастапты.

Шенеуніктердің түнге дейін жұмыста қалуын депутаттар өздерінен көріп отыр. Сенатор Серік Ақылбай тек күндіз түк бітірмейтіндер, 6-дан кейін жұмыста қалады дейді. Ал жеке өмірін ысырып, баласына қолы тимей жүрген қызметкерлерге жалғыз жақтас білім министрі Ерлан Сағадиев қол астындағыларын 6-да жіберуді бастап кетіпті.

Ал сағат 6-дан артық жұмыс істеп қойғандарға мемлекет көк тиын да төлемейді. Тек жомарт басшылар қосымша қаржы берем десе, мархабат. Сондай-ақ сенаторлар кешкі 6- жарымнан кейін мемлекеттік органдардағы компьютерлерді сөндіріп тастау керектігін қолдап отыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір