• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:31:14
Алматы
+35°

15 Қазан, 2016 NEWS

Алаяқ әйел құран ұстап ант беріп, 1,5 млн теңгені қолды қылған

Атырау қаласында 48 жастағы әйелге қатысты үкім шығарды,- деп хабарлайды

Атырау қаласында 48 жастағы әйелге қатысты үкім шығарды,- деп хабарлайды Qamshy.kz Nur.kz-ке сілтеме жасап.  

Сот материалдарына сәйкес, сотталушы (айтпақшы бұрын алаяқтығы үшін үш рет сотталған) мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп, бір әйелдің 1 млн 500 мың теңге ақшасын иемденіп кеткен.

Дәл осындай жолмен алдап, тағы бір әйелдің 1 млн теңге ақшасын қалтасына басқан. Тағы да екі әйелге белгілі бір сомаға банктен несие алып беруге көмектесемін деп алдап кеткен.

Бір қызығы, ол адамдарға алдамаймын деп, Құран ұстап ант берген екен.

Қалалық прокуратураның бөлім прокуроры Лаура Асанова хабарлағандай, сот оны айыпты деп танып, мүлкін тәркілеумен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір