• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:00:18
Алматы
+35°

16 Қазан, 2016 Ғылым-білім

Шыңғыс қағанның (мұңалдардың) құдалары кімдер?

Шыңғыс ханның өзі және аталары тұсында олардың керейлермен қарым-қатынасына және Шыңғыстың әкесі Есекейдің Қоңыраттарға барып Бөртеге құда түсіп айттыруы...

Шыңғыс ханның өзі және аталары тұсында олардың керейлермен қарым-қатынасына және Шыңғыстың әкесі Есекейдің Қоңыраттарға барып Бөртеге құда түсіп айттыруы көшпелі бұл қауымның арасында ешқандай жік жоқ, бөлінбеген бір тұтас ел екендігін көрсетеді. Шыңғыс ханның шешесі Өленнің де, арғы атасы Қабыл ханның әйелі Гүлүкі ананың да, Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының әйелі Сартақайдың да, Шыңғыс ханның тоғызыншы ұрпағы, Алтын Орданың соңғы ұлы ханы Тоқтамыстың анасы Манқыстау билеушісі Түйе-Қожа Оғланның әйелі Құдан-Күншектің де, олардан да басқа Шыңғыс ханның көптеген аталары мен ұрпақтарының басым көпшілігінің әйелдерінің қоңыраттың қызы екендігі тек қана осыны білдіреді.

«Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен әкесінің 22 жасында 1201-1202 шамасында Жошының бәйбішесі, Қоңырат қызы Сартақайдан туған.  ...Рашид Ад Диннің айтуынша Орда Еженнің үш әйелі болды. Олардың екеуі Жүкей-Қатын және Тұбахан-Қатын қоңырат қызы. Үшіншісі де Үкіжан деген қоңырат қызы» (Зардыхан Қинаятұлы.     Қала мен дала» (№5 7.02.2011 жыл). Егер Шыңғыс ханның тегі қазақ болмаса олар сан ғасырлар бойы  Қоңыраттар мен қыз алысып, қыз беріскен болар ма еді?! Еске ұстайық, Қоңыраттар ежелде  Адайлармен бірге Манқыстау мен Үстіртте тұрған, олар мәңгі бақи жұптарын жазбастан Алтай мен Мұңал даласында, Сыр өңірінде бірге тұрып келеді. Оны олардың  Қоңыр-ат деген есімінен де көруге болады. Адамның ең жақыны атаң мен атың болса, «қоңыр»  қазақтың ең жақсы көретін түсі, яғни пісіп, жетіліп кемеліне келген дегенді білдіреді.

Қоңыр (Қоныр) мен Моңғолдың (Монғол), «Оң» (Он) деген бір түбірден болуы осыдан.  Бұл жерде түбір сөздің алдында тұрған «Қо» - Қосай дегенді білдірсе, «М» дыбысы Мұңал атамыздың есімін береді.

Шыңғыс қағанның арғы аталары да, өзі де, үрім бұтақтары да тек қана Қоңыраттар мен құда болған.  Сонау бағзы заманнан бері бізге жеткен ұлы шежіреде қазақтың хандары мен қағандары ежелгі жыл басы Наурыз мерекесінде  құдаларына арнап «Тоғыз қоңыр» атты 9 күй орындатқан.

Себебі, Қоңырат Қосайдың лақап аты. Екеуінің «Қо» деген бір түбірден болатыны осыдан. Нұқ пайғамбар заманында бүкіл ел суға кетіп, Нұқ пайғамбарға жолдас болғандардың ғана жолы болып, апаттан аман қалды. Атам Қазақтың Қосайдан жолдасың болса, жолың болады дейтіні осыдан. Нұқ пайғамбардың руының аты Қосай.  Оның тегі Қосай Нұқ деп аталады. Біздің сөздік қорымыздағы, сөйлем арасына қойылатын Қос Нүктенің сыры осы.

Қоңыраттардың рулық таңбасы «Босаға». Мұның мағынасы, Нұқ пайғамбарға дейінгі топан суға қарық болғаннан қалған, азғантай мұсылман қауымына босаға (есік) болған Қосай Ата ұрпағы Нұқ пайғамбардың кемесі болатын. Қоңырат пен Қосай синоним. Қосай мен Босағаның «Ос» деген бір түбірден (бір атадан) болатыны осыдан.

«Ос»-тің мағынасы өзек. Жер өз осінде (өзегінде) айналады.

Мұңал атамыздың есімінің де сөз түбірі Ұң (ұңғы). Барлық түтіктің ішкі қуыс-өзегі. Мысалы, мылтықтың ұңғысы. Бұл дегенің сонау Адам (Адай) атадан басталған өзек ешқайда бұрылмастан Адайдың қарашаңырағы Мұңал ошақтан келіп шықты деген сөз. Адай мен қоңыраттың бір-бірімен мәңгі құда болып жүргендерінің де сыры осы. Бұл құдалық әу баста Нұқ пайғамбардың кемесіне мінген Құдайке-Тәзіке (Әз әке) ұлдарының Қосай Нұқ пайғамбардың тікелей ұрпақтарымен құда болуынан басталған болатын.

Түсініктеме: Нұх пайғамбар – Исламда аса құрметтелетін пайғамбарлардың бірі. Нұх пайғамбар Алланың әмірімен пұтқа (Вадду, Сува, Йагусу, Йауку, Насру) табынып келген өз халқын бір Аллаға сыйынуға шақырды. Біраз уақыттан соң адамдардың бір бөлігі оның насихатын қабылдайды. Сенбеушілер егер пайғамбар болсаң кереметіңмен бізді жазала деп қасарыса түсті. Осы оқиғаға байланысты діни аңыздар мен Құран Кәрімде Нұх пайғамбардың ақыры Құдайға жалбарынып, дінсіздерге қандай шара жасайтыны туралы медет сұрағандығы айтылады. Алла Нұх пайғамбарға кеме жасап, өзіне ергендер мен жақындарын және дүниедегі тіршілік иелерінен бір-бір жұптан кемеге мінгізіп алуға бұйрық береді. Сенбеушілердің иман келтірген адамдарды аздыруынан қауіптенген Нұх пайғамбар олардың қатаң жазалануын тілейді. Содан кейін «тандыр пештен қайнап шыққан су мен көктен саулап құйылған су» жер дүниені топан болып басады. Дінсіздер қырылып, Нұх пайғамбар кемесіндегі оның жақындары, оған сенгендер ғана аман қалады. Кемеге мінуден бас тартып, топан судан тауға барып паналамақ болған Нұх пайғамбардың бір баласы қаза болған. Кеме таудай толқын арасынан аман қалып, су қайтқан соң тау басына тоқтады. Бұл тау ежелгі жазбаларда Жуды тауы (Әл-Жуди), қазақ  қисса-аңыздарында Қазығұрт тауының басына тоқтағандығы баяндалады. Нұх пайғамбар баласын апаттан құтқаруға тырысып қанша жалбарынса да, Алла райдан қайтпай – діннен безген бала Нұх пайғамбар отбасынан біржолата аластатылады. Құран Кәрім аяаттарында Нұх пайғамбардың ғибратты өмірінен көптеген мысалдар келтіріліп (3:33; 4:163; 6:84; 7:69/67; 9:70/71; 19:59; 22:43; 23:22/32; 33:7;57:26, т.б.), «Бұл ең қасиетті әңгімелердің бірі. Біз саған соның сырын ашамыз» деген Нұх пайғамбар тарихы өз пайғамбарларына сенбей, Алланың қаһарына ұшыраған халықтар тарихының алғашқы буыны және ғибратты үлгісі болды, Құран Кәрім уағыздарының тарихи негізділігін дәлелдеуде жетекші қызмет атқарды.

 «Шыңғысхан Құласудың жағасымен жүрді. Су бойында отырған елге тап болды, одан : «Не елсіз?» деп сұрады. Сөйтсе олар: «Қоңыратпыз» деді. Ол уақытта қоңыратқа бас болып жүрген Түрік Имал еді. Шыңғыс хан оған елші жіберіп, «Осы уақытқа дейін жамандаспаған құда – анда едік. Ел болсаң, одақтасым бол, жау болсаң, өзім келіп тұрмын» деді. Мұны естіген соң барлық қоңырат хан алдына келіп, оған бағынды. (Әбілғазы. «Түрік шежіресі» Алматы. 1992. 57 бет).

 «Қоңырат Тай шешен түсін жорығанда: «Бұл сәуле, сіздің Қиян тұқымының сүлдері келіп, разылығын бергенінің аяны екен ғой» деп Есугей құдасына айтқаны, Шыңғыс ханның әкесінің ешқандай да, жалайыр емес екенін, және де, оның Қоңыраттың ішіндегі Қиянның ұрпақтары — Қият руынан екенін білдіріп тұр. Шыңғыс ханның, өзі құрған империяға Мыңғұл атын бергені, осы Қиян бабасының шығу тегіне қатысты болған».

...Қазақтың нағыз ойшыл ғұлама шежірешілерінің соңғы тұяқтарының бірі, менің көзім көріп қалған Найман-байжігіттік Ғұлам Қадыр марқұм Шыңғыс хан жөнінде айтқанда: «Шыңғыс ханның бесінші атасына дейін Қоңыраттың қыздарын алған, сондықтан оның бойында Қоңыраттың қаны басым. Шыңғыс ханның аты басқа болса да, заты қазақ» деген еді(Қойшығара Салғараұлы).

«Қоңыраттар өз қыздарын үнемі Шыңғыс ханның маңғолдарына беріп отырған» (Нығмет Мыңжан. Қытай еліндегі қазақ тарихшысы «Қазақтың қысқаша тарихы» кітабынан). 

«Есугей қоңырат Дай шешенге: «Ұлыма қалыңдық іздеп нағашыларына келдік» (Мұңалдың Құпия шежіресі).

«Қоңыраттың ұлдары батыр, мерген танылса, қыздары қас сұлу деген даңққа шыққан. Ару ғана емес, ақылды әйел, ошақтың құт-берекесі ретінде өлең, жырға қосылған. Әдетте, қоңырат қыздары мәңгілік құда қият жағына ұзатылыпты. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан дәстүр. Үлкен әке Бартан-бахадұрды айтпағанда, Шыңғыс ханның өзінің қоңырат қызынан туғаны белгілі. Қағанның ел ұстаған, қол бастаған төрт ұлы – Жошы, Шағатай, Өкетай, Төленің нағашысы тағы қоңырат. Шыңғыс ханның жихангер, данагөй немересі Бату ханның да анасы қоңыраттан. Құбылай хан және одан соң біртұтас Қытайды билеген Шыңғыс әулеті бас бәйбішелерін үнемі қоңыраттан алатын салт болған» (М.Мағауин «Шыңғысхан»).

Шыңғысханның тегі қазақ екендігінің тағы бір басты айғақтарының бірі – Темірші мен Бөртенің некесі! Қазақта қыз бен жігітті жастай атастыру деген дәстүр бар. Егер біз Теміршіні монғол десек, Онда Бөрте қазақтың  Қоңырат руынан бола тұрып тілі мен діні жат монғолға қоңыраттар қызын бермеген болар еді. Бұл саяси неке емес, кәдімгі біртілді, бірдінді, бірдәстүрлі, біртекті рулардың құда-жекжаттық байланысы, қарым-қатынасы.

Шыңғыс ханның тегі Қаз Адай екендігі дауға жатпайды.

         «Бишікте отырып ұрлық қылсаң,

         Өз басыңмен төлейсің.

         Билікте отырып ұрлық қылсаң,

         Ұрпағыңның тағдырымен төлейсің (Шыңғыс қаған).

Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы

Маңғыстау

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір