• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:34:10
Алматы
+35°

16 Қазан, 2016 NEWS

Астанада анасы өлді деп санаған қызымен 20 жылдан кейін қауышты

Астанада анасы 20 жыл бойы өлді деп саналған қызымен қауышты. Небәрі алты айлығында дүниеге келген сәбидің бүгінде жер басып жүргенін оның отбасы білмеген, деп...

Астанада анасы 20 жыл бойы өлді деп саналған қызымен қауышты. Небәрі алты айлығында дүниеге келген сәбидің бүгінде жер басып жүргенін оның отбасы білмеген, деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

1995 жылдың ақпанында 34 жастағы Шолпан есімді әйел алтыншы перзентін небәрі алты айлық мерзімінде дүниеге әкелген. Туғанынан мүмкіндігі шектеулі қыз үш ай бойы вакуумда өмір сүріпті. Ал үш айдан кейін емхана қызметкерлері нәрестенің бақилыққа атанғанын айтқан. Тіпті, жерлеу рәсімін де өздерінің өткізетінін айтып, ата-ананы шығарып салған. Жанаргүлден бөлек 5 баланы тәрбиелеп отырған ата-ана оның қай жерде және қалай жерленгенін де сұрамаған. Абдырап қалған болса керек-ті, жылаған күйі емханадан шығып кете барған.

Бұл туралы Хабар арнасындағы «Біздің үй» бағдарламасында айтылды.

«Перзентханада 20 күндей жаттым. Одан кейін бізді сол жерден алып зерттеу институтына алып барды. Баламды алып қалды. Мен сол жерде жүрдім, ол жақта да вакуумда жатыр еді. Үш айға дейін көрдім. Дәрілерін апарып жүрдім. Жағдайы нашар, аяғы буынсыз деп айтқан болатын. Күнде барып қараймын да кетемін. Үш айға дейін тірі еді. Бір жолы барғанымда баламды алып кетейін дедім, маған бермеді. Ал күндердің күнінде оның қайтыс болғанын айтты», – дейді Шолпан Дүйсенбайқызы.

Шолпанның алтыншы перзентінің бүгінде аты-жөні тура анасыныкімен бірдей. Ол балалар үйінде тәрбиеленген. Ата-анасы алғашқыда оған Жанаргүл деп есім бергенімен, балалар үйіне қабылданған кезде қызметкерлер оны анасының аты-жөнімен тіркепті. Алайда кішкентай ғана мүгедек қызды кімнің және не үшін анасынан айырып, балалар үйіне өткізгені бүгінде белгісіз. Үш жасқа дейін Екібастұз балалар үйінде, одан кейін Астанадағы психо-неврологиялық диспансерде болған Жанаргүл 20 жасында отбасымен қауышып отыр. Бүгінде оның анасы, аға-әпкелері бар. Ал әкесі, өкінішке қарай, өмірден озып кеткен.

20 жыл бұрын бір-бірінен айырылып қалған ана мен баланы Махаббат Манаева есімді азаматша табыстырған.

«Осыдан 4-5 жыл бұрын Ақмола медицина университетінің кафедрасында жұмыс істедім. Сол кезде бірнеше топ студенттерді басқарып, еріктілермен бірге сол жерге барып жүрдік. Ол жердегі ойымыз мүмкіншілігі шектеулі балалар мен студенттер көп жұмыс атқарсын дедік. Бәрінен бұрын Шолпанның жағдайы жанымызға батты. Шолпанның анасы бар ма, жоқ па, білмедік. Бар болса, тапсақ деген ойда болдық. 5 жыл іздедік. Ақпарат жинау өте қиын болды», – деді ол.

Ал балалар үйінде тәрбиеленген Шолпан анасы мен отбасын тапқанына қуанышты. Алғаш көргенде Шолпан Дүйсенбайқызын ол бірден «мама» деп атапты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір