• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:30:53
Алматы
+35°

16 Қазан, 2016 Спорт

Головкин әлемдегі ең қорқынышты боксшы деп танылды

Round by Round Boxing порталы қарсыластарына үрей туғызатын ең қорқынышты үш боксшының тізімін жасады, деп хабарлайды

Round by Round Boxing порталы қарсыластарына үрей туғызатын ең қорқынышты үш боксшының тізімін жасады, деп хабарлайды Qamshy.kz Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл тосын тізімде қазақстандық Геннадий Головкин көш бастап тұр, оның қоржынында кәсіби рингтегі 36 жеңіс (33 КО) бар және ешқашан жеңіліп көрмеген. Екінші орынға портал журналистері ресейлік боксшы Сергей Ковалевты (30-0-1, 26 КО) қойған, ал үшінші орын - америкалық Теренс Кроуфордқа (29-0, 20 КО) тиесілі.

«Орта салмақтағы WBA, IBO, WBC және IBF белбеулері бар Головкин бокс әлеміндегі ең танымал есім. Ол ең қауіпті боксшы екенін дәлелдеді және тек қана үздіктермен жұдырықтасқысы келеді. Көптеген қарсыластар GGG-мен кездесуден қашып, атақтарынан бас тартады», - деп жазды басылым.

Головкиннің бапкері Абель Санчес келесі аптада Геннадийдің жаттығуға оралатынын және желтоқсанда өтетін кездесуге дайындалатынын хабарлаған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір