• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:35:21
Алматы
+35°

16 Қазан, 2016 Ғылым-білім

Алжирдегі арабтандыру және тіл саясаты

Chouaib BENCHEIKH LEHOCINE , Алжир , Константин қаласы     (Ағылшын тілінен аударған Әзімбай Ғали )

Chouaib BENCHEIKH LEHOCINE , Алжир , Константин қаласы     (Ағылшын тілінен аударған Әзімбай Ғали )

Алжирде шамамен 40 миллион адам турады, ал араб әлемі – 22 араб мемлекеттері негізінен Таяу Шығыс пен Африканың  солтүстігінде орналасқан. Арабтар бірнеше этникалық топпен аралас тұрады: олар негізінен араб тілділер және берберлер мен күрділер,тағы басқалар.

Африкалық араб мемлекеттері ұзақ уақыт, 130 жылдай Францияның отары болды. Мәселен Алжирде 132 жыл, отаршылдықтағы халықсан рет көтерілістерге қатысты. Соңғы кезеңдегі 12 жылдық революция 1962 жылы егемендіктің орнауымен аяқталды. Егемендіктің алғашқы жылдары  француз тілі Алжирде басымгер коммуникациялық құрал ретінде қызмет атқарды. Алжирлік мектептер француз тілінде болды. Алжирдің басқару бюрократиясы французшаға  ғанажүйрік болды. Ақпарат құралдарыфранцузша болып тұрып, қарапайым халық өз тілінде сөйлеп , өзара арабша хат жазысты. Жергілікті тілдер арасында араб тілімен қатар берберлер тілі кең пайдалануда болды. Француз тілінің өктемділігі  отаршылдық саясаттың салдарының нәтижесі.Француз отаршылдығы қалың бұқараны сауатсыздығын сақтады.1962 жылы халықтың  90% сауатсыз болды. Алжир егемендігі лингвистикалық ұлтшылдық сезімін оятты. Бұл саясат арабтандыру саясатына әкелді.Арабтандыру саясатын алжирлік элита мен истеблишмент қузады.Сол тұста әр араб мемлекетінің арабтары өз  араб диалектерінде сөйледі. Бұл саясат араб елдеріндегі этникалық азшылықтарды, мәселен бербер мен күрділерді арабқа сіңіру мақсатын қойды. Сонымен бірге ұлттық азшылықтар да жергілікті ұлтшылдық көрсетіп жеке араб емес ұлттық санасын қалыптастырды.

Арабтандыру саясаты сауатты араб тілін таратуда болды.Сонымен бірге араб тілді мектеп ісі , әкімшілік ісі , коммуникациялық құралдар, баспасөз қолға алынды. Ал француз тілі тек –шет тілі функциясын атқаратын болу керек еді.Әрине жас Алжир мемлекеті лингвистикалық арабтандыру саясатын жүзеге асыруда көп қиындықтарға  кездесті.Араб қоғамы бірауыздан бұл саясатты қабылдаған жоқ.Осы саясатқа екі тұрғы қарсылық байқалды.Біреулері француз тілдік бағытты қолдады. Олар француз тілінің кең мүмкүндігін айта келе –ғылым , білім, әкімшілік ісін француз тілінде қалдыруды қолдады. Тағы біреулері жергілікті ұлттық азшылық тілін қолдауды ұсынды- бербер тілін қолдадады. Тіпті араб тілін жақтауды олар мәдени дамудың қылмыс бағыты деп, этностар арасында дүрдараздыққа әкеледі деген уәж айтты. Бірақ арабтандыру саясаты ресми бағыттан таймады. 1971 жылы Алжирдің Президенті Хуари Бумидьен : "арабизация саясаты біздің маңызды саяси бағытымыз, біздің революциямыздың жеңісінің жемісі  деді.[1].  Бұл саясат екі кезеңге бөлінді: бірінші кезеңде ішінара арабизация. Алдымен білім саласында- мектеп жүйесіне еңгізу. Екінші кезеңде әкімшілік жүйеге еңгізу және жоғары оқу орындарда –университет жүйесін арабтандыру негізгі мақсат деп табылды.Араб тілінің тарауына экономикалық ресурстарды қосу маңызды болып есептелді.Сонымен 12 жылдық араб тілді мектеп жүйесі 1971- 1990 жылдары орнықты.Француз тілі шет тілі ретінде оқылды.Арабтандырудың екінші кезеңінде мемлекеттік басқару жүйесіне1997 жылғы арнайы заңға сәйкес өтпек еді. Бірақ елде азамат соғысы бұл істің күшейуін тежеді.1992 жылы бұл үрдіс тоқтап , 1996 жылы қайтадан жанданды.Бірақ  1999 жылы тағы да бұл бағыт тоқтатылды. Сонымен араб тілін әкімшілік іске еңгізу қарсылыққа кездесіп тоқтады.Сонымен араб тілі орта мектепте орнықты.Жоғары оқу орындарында француз тілімен қатар араб тілі де пайдаланылады.Университеттерде ағылшын тілі өріс алып келеді. [2] Алжирдің бір-екі университеті тек ағылшын тілін пайдаланады. Сонымен халық арасында араб тілінің диалектісі тараған, бербер тілі де өз орнын сақтап келеді. Ал теледидар , баспасөз араб, француз тілдерінде, сол сияқты әкімшілік жүйесінде де француз, араб тілдері  қатар жүреді. Автордың айтуынша арабтандыру саясаты сәтті аяқталды. Бұл іс араб ұлтының қалыптасуына септігін тигізді. 2001 жылдан бастап бербер тілінің статусы көтерілді.Бұл тілді берберлер шоғырланған өлкелер пайдаланады.Бірақ араб тілі ғылым тіліне айналған жоқ дейді мақала авторы.Бұл жағдай Алжирдегі күрделі саяси жағдайға байланысты болды.Алжирде ғылым тілі ретінде француз бен ағылшын тілі кәделі.

...................................................................

1.      Grand Kabyle region: City TiziOuzou, Bejaya , where there is a large population of berbers. Still this not the only region in Algeria where people speak Berber.

2.      Some Arabization laws were passed before 1971 to start teaching an amount of Hours of Arabic in primary school, but the official policy started in 1971.

Nachef, Ahmed “Arabization of Education in Algeria: Between Ideological and Academic impulses” Kounouz Al Hikma, 2011(Arabic)

Carina Lynn Briggs “Language, Identity, and Literary Expression in Algeria”, University of North Carolina, Chapel Hill, 2011

Holt, Mike. “Algeria: Language, Nation and State.” Arabic Sociolinguistics: Issues

& Perspectives. Ed. Yasir Suleiman. Richmond: Curzon Press Ltd., 1994.

Benrabah, Mohamed. “Language and Politics in Algeria.” Language, Ethnic Identity

and the State. Eds. William Safran and Jean A. Laponce. New York:

Routledge, 2005.

Mostari, Hind Amel. “A Sociolinguistic Perspective on Arabisation and Language

Use in Algeria.” Language Problems & Language Planning 28.1 (2004)

Басқа пайданылған және ұсынылған әдебиеттер мен нұсқалар:

Азимбай Гали Arabica-кофе без кофеина.Причины кризиса в арабском мире и его последствия

PalmariumAcademicPublishing (2015-12-02 ) Германия

Азимбай ГалиАлжирский лидер ХуариБумедьен – просвещенный деспот, женатый на государстве. 23.03.2016 centrasia.ru; news.ivest.kz; i-news.kz; altyn-orda.kz;

Азимбай Гали Ахмед бен Белла-первый президент Алжираwww.centrasia.ru 24 апр. 2016 г.

Азимбай ГалиАбдельазизБутефлика - бессменный Президент Алжираwww.centrasia.ru

18 апр. 2016 г.

Азимбай Гали Мухаммед Будиаф - рыцарь и мученник в алжирской драме, openrussia.org 10 ОКТЯБРЯ2016 г.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір