• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:15:36
Алматы
+35°

16 Қазан, 2016 IT

Жапон теңізінде Ресей шекарашылары Солтүстік Кореяның кемесін атқылады

Ресей Федерациясының федералдық қауіпсіздік қызметінің мәліметі бойынша, кеме Жапон теңізіндегі Ресейдің экономикалық аймағына кіріп кеткен. Бұл туралы

Ресей Федерациясының федералдық қауіпсіздік қызметінің мәліметі бойынша, кеме Жапон теңізіндегі Ресейдің экономикалық аймағына кіріп кеткен. Бұл туралы Би-Би-Си хабарлайды.

 Солтүстік Корея кемесін атқылау барысында тоғыз адам жараланған, біреуі артынан көз жұмған. Сондай-ақ Ресей шекарашыларының бірі кемені қарау барысында басынан жараланған.

"Дае Янг 10" кемесі жергілікті уақыт бойынша 16:55 –те ұсталған. Мәлімдемеде көрсетілгендей, бортта Солтүстік Кореяның 48 азаматы болған. Олар шекарашылардың талаптарына мойынсұнбаған. ФСБ-ның мәлімдеуінше, Ресей шекарашылары бірнеше рет ескерту ретінде оқ атқанына қарамастан кеме бағытынан таймаған.

Кемені тексеру барысында заңсыз алынған биоресурстар табылған. Кеме командасы тексеру кезінде қарсылық көрсеткен.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір