• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:38:26
Алматы
+35°

17 Қазан, 2016 Кәсіпкер

Алматыда қаза тапқан полицейлердің туыстары Күлікбаевқа өлім жазасын сұрады (ВИДЕО)

Алматыда қаза тапқан полицейлердің туыстары Күлікбаевқа өлім жазасын сұрады, - деп хабарлайды

Алматыда қаза тапқан полицейлердің туыстары Күлікбаевқа өлім жазасын сұрады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.

Теракт жасады деген күдікті Руслан Күлікбаев алдын ала тыңдау өтіп жатқан сотта өзге сыбайластарынан бөлек отыр. Сот тергеу изоляторының ғимаратында ашық тәртіпте өтіп жатыр. 

Сотталушы сабырлы көрінеді. Ол тіпті өзін түсіріп жатқан операторларға қарап күлген. Айта кетейік, журналистерге суретке және видеоға түсіруге рұқсат берілді. Сотталушы ретінде Күлікбаевпен қатар оның бес сыбайласы отыр. Қазіргі уақытта алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр. 

Процеске қаза болғандардың туыстары келген. Олар Күлікбаевтың тәртібіне наразылық білдіріп отыр. Олардың пікірінше, сотталушы сұраққа нақты жауап бермей, судьяға жауап берген кезінде тұрмай қойған. Күлікбаевті бір мемлекеттік адвокат қорғап отыр. Соттағылардың айтуынша, адвокаттардың ешқайсысы өз қалауымен оның мүддесін қорғауға келіспеген. 

Ал қаза тапқандардың туыстары атқышты өлім жазасына кесуді талап етіп отыр. Қаза болған полицейдің Мейрамбек Рахматуллаевтің әйелі сотталушы Күлікбаевтің әйелінің бетіне түкірді. 

Негізгі сот отырысы 24 қазанға белгіленді. Отырыс күн сайын өтеді.

Ал осыған дейін Руслан Күлікбаевтің бұрындары кикбоксингпен айналысқаны және жетістіктері үшін осы спорт түрінен сан мәрте марапат пен құттықтауларға ие болғаны белгілі болған еді. Есімін жарияламауды өтінген адам, кикбоксингпен шұғылданған Күлекбаевтің "Спорт шеберлігіне кандидат" деген атағы да бар екенін айтты. Ал бүгін, 17 қазанда Алматыдағы теракт бойынша алдын ала сот отырысы басталғаны хабарланды. Сотты тергеу изоляторының ғимаратында өткізу туралы шешімді соттағылар Руслан Күлекбаевтің өте ашулы әрі қоғамға қауіп төндіретіндігімен түсіндірді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары сотталушы қашып кете ме деп қорқып отыр екен. "Ол камерасында кісенмен отырады. Ол өте қауіпті, сондықтан сот процесін тергеу изоляторының ғимаратында өткізуді дұрыс деп таптық, себебі қалалық соттың ғимаратына тасымалданатын болса, ол қарсылық көрсетуі мүмкін және қашып кетуге әрекет жасауы мүмкін. Күлекбаевтың физикалық дайындығы бар, ол кісендеулі тұрса да, жауап алынып жатқан сәтте тергеушіге столды төңкеріп жібере жаздады", - дейді соттың өкілдері.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлікбаев болып шықты.

Осыған дейін ІІД тергеу жұмыстары барысында18 шілдеде полицейлерді өлтірді деген күдікке ілінген Руслан Күлекбаевтың жалдамалы пәтерді анықтаған болатын. Полициядағылар пәтерде адам өміріне қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Алайда, полиция қызметкерлері пәтерді тінту кезінде қауіпті заттарды таппады. Ал кеше Руслан Күлікбаев екі айға қамауға алынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір