• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қазан, 10:51:11
Сенатор Дана Нұржігітке ескерту жасады

17 Қазан, 2016 NEWS

Үлбі зауытында МАГАТЭ-нің 90 тонна байытылған ураны сақталатын болды

Үлбі металлургиялық зауыты қоймасында МАГАТЭ-нің 90 тонна төмен байытылған ураны сақталанатын болады, - деп хабарлайды

Үлбі металлургиялық зауыты қоймасында МАГАТЭ-нің 90 тонна төмен байытылған ураны сақталанатын болады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «ҚР Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агентік арасындағы Қазақстан Респубилкасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңының жобасын талқылау барысында депутаттардың сауалына жауап берген еліміздің Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлімдеген.

«Тәуелсіздік жылдары орташа есеппен бізде бірнеше жылдық тапсырыс болып тұр. Ол уақытта біз ресейлік кәсіпорындар үшін шамамен 300 тонна таблетка өндіретінбіз. Яғни, бір мезетте 200 және одан көп тонна сақталып отырды. Қазіргі уақытта шамамен 40 тонна бар», - деді ол.

Осы ретте  ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев вице-министрден аталған көлемге қосымша 90 тонна МАГАТЭ уранын сақтау жоспарланып отыр ма, деп сұрады.

«Иә, бірақ ол жеке қоймада сақталады. Бұған қоса, бізге материалдар қайта өңдеу үшін үнемі жеткізіліп тұратын болады. Таяу болашақта 200 тоннаға дейінгі көлемдегі материал бізге қайта өңдеуге жеткізіледі. Ал одан қытайлық атом электр стансалары үшін отын таблеткаларын жасайтын боламыз», - деп жауап берді Жақсалиев.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Үкіметі өз қаулысымен елімізде МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкін «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ында орналастыру туралы келісімге қол қоюды мақұлдаған болатын. Сол жылдың 27 тамызында келісімге Қазақстан тарабынан Ерлан Ыыдырсов пен МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Амано қол қойған еді. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір