• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:44:50
Алматы
+35°

18 Қазан, 2016

Луина, әнші: Менің келін болғаныма бес жыл болды

Луина өзінің продюсері Жомарт Сүлейменовпен азаматтық некеде бес жыл бойы тұрып жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды 

Луина өзінің продюсері Жомарт Сүлейменовпен азаматтық некеде бес жыл бойы тұрып жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Луина "Хабар" арнасының "Компромат" бағдарламасында айтып берді. Журналистердің сұрағына еш қымсынбастан жауап беруге тырысқан Луина өзінің жеке өміріне қатысты да ашық айтты.

Әншіге: "Ел арасында сіз сүйіктіңізбен бес жыл бойы азаматтық некеде тұрады, тіпті кішкентайлары да бар екен сынды сыбыстар тарап кеткен және продюсеріңіз Жомартпен арада қандай байланысыңыз бар?", - деген сұрақ қойылды.

Бұл сұрақты естіген Луина жеке өмірінің құпиялы тұстарын жасырмады. "Мен сіздерге жасырмай айтайын. Иә, Жомарт маған продюсерлік еткеніне бес жыл болды. Иә, біздің азаматтық некеде тұрып жатқанымызға да бес жыл болды", - деді ол.

Сонымен бірге, әншінің айтуынша, олар келесі жылы азаматтық некені заңдастырмақшы. Бала туралы олар сол кезде ойлана бастайтындарын да жеткізді.

Луинаның сөзіне сенсек, олар жалғыз емес, Жомарттың анасымен бірге тұрады екен. "Сондықтан, мен қазір келінмін", - деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір