• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:12:34
Алматы
+35°

18 Қазан, 2016 NEWS

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнайы смартфон шығарылды

Англияның жоғары класты ұялы телефондар өндіретін Vertu компаниясы Қазақстанға арнайы смартфондар шығарды, деп хабарлайды

Англияның жоғары класты ұялы телефондар өндіретін Vertu компаниясы Қазақстанға арнайы смартфондар шығарды, деп хабарлайды Qamshy.kz Вaq.kz сайтына сілтеме жасап.

Бес данадан тұратын лимиттелген топтама Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арнайы жасалыпты.

Жаңа телефонның артқы панеліне Қазақстанның мемлекеттік символдары – күн мен оның астында қалықтаған қыран ойып салынған. Күннің ортасында «25» саны бейнеленіпті, ал оның астында «Anniversary of Kazakhstan» деген жазу бар. Тіпті тігістеріне де еліміздің туындағы көк және сары түстер қолданылған екен.

First Media Group компаниясының мәліметінше, телефон жоғалған жағдайда бұғаттауға, оны табуға, жеке мәліметтерді өшіруге болады.

Смартфон қанша тұратыны әзірге белгісіз. Мысал үшін айтсақ, смартфондар нарығына еніп үлгерген Apple iPhone 7 Plus елімізде 650 000 теңге тұрады. Эксклюзивті Vertu одан бірнеше есе қымбат болатыны сөзсіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір