• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:57:38
Алматы
+35°

18 Қазан, 2016 NEWS

ЕЛБАСЫ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІНЕ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

Мемлекет басшысы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, - деп хабарлайды

Мемлекет басшысы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Елбасы жаңа министрліктің алдына қойылған міндеттердің маңыздылығына тоқталып өткен.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев жаңа технологияны қолдану арқылы өндірілетін қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі өніміне деген сұранысты қамтамасыз ету үшін отандық кәсіпорындар өз мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігіне назар аударды.

Б.Атамқұлов министрлікте жүргізіліп жатқан кешенді ұйымдастырушылық іс-шаралардың аяқталуға таяғаны жөнінде хабардар етті.

Сондай-ақ, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мемлекет басшысына азаматтық салада қолдануға жарамды өнім шығаруға мультипликативтік әсер беретін аэроғарыш саласын дамытудың, қорғаныс кешенінің өндіріс қуатын арттырудың перспективасы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 

Darkhan Muqantegi

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір