• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:23:52
Алматы
+35°

19 Қазан, 2016 Аймақтар

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Рухани келісім күніне орайластырылған халықаралық конференцияға қатысты

2016 жылғы 17 қазанда Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Астана қаласының әкімдігі «Рухани келісім конгресі»...

2016 жылғы 17 қазанда Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Астана қаласының әкімдігі «Рухани келісім конгресі» халықаралық қорымен бірлесіп ұйымдастырған «Этникааралық келісім – діни тұрақтылықтың негізі» тақырыбына арналған халықаралық конференция жұмысына қатысты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Конференция Рухани келісім күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орайластырылды.

Н.Ермекбаев өзінің құттықтау сөзінде халықаралық кеңістікте, сондай-ақ мемлекет ішінде, мәдениеттер мен діндер арасында сұхбат орнатуға, үйлесімді этникааралық және конфессияаралық қатынастарды дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының бірінші халықаралық бастамаларының бірінің дүниеге келген күні ретінде еліміздің тарихына кіретінін ескере отырып, конференция қатысушыларын келе жатқан Қазақстан халқының Рухани келісім күнімен құттықтады.

«Қазақстан зайырлы мемлекеттің негізгі принципі ретінде – діни, ұлттық және нәсілдік қатыстылығына қарамастан барлық азаматтардың теңдігін жариялады. Ешкім басқа азаматты оның ұлттық, діни қатыстылығына немесе діни сенімінен бастартуы негізінде кінәләуға құқығы жоқ. Осының арқасында Қазақстанда этностар мен конфессиялар арасында достық қатынастар орнады, әртүрлі мәдениет адамдары арасында сенім мен келісім, бір-біріне деген сыйластық әрқашанда біздің қоғамымыздың маңызды құндылықтарымыз болып табылады», - деді Ермекбаев.

Конференция жұмысына Қазақстан халық Ассамблеясының Төрағасы Е.Тоғжанов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев, «Рухани келісім конгресі» халықаралық қорының төрағасы Т.Мұхамеджанов, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты И.Кобзон, сонымен қатар діни бірлестіктердің, ғылыми-сарапшылар қауымдастығының, Ресей, Қырғызстан, Ливан және АҚШ мемлекеттерінің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір