• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:10:34
Алматы
+35°

19 Қазан, 2016 Денсаулық

Есіктегі әйел зорлау ісі бойынша сот басталды (ВИДЕО)

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотында тамыздың 13-інен 14-іне қараған түні болған әйел зорлау оқиғасына қатысты сот басталды, - деп хабарлайды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотында тамыздың 13-інен 14-іне қараған түні болған әйел зорлау оқиғасына қатысты сот басталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz  - ке сілтеме жасап.

Жәбірленуші Жібек Мусинованы зорлады деп айыпталушы төрт адам сот алдында жауап береді. Сот процесі жабық режимде өтіп жатыр.

Бұған дейін аталған іске 22-29 жас аралығындағы төрт адамның қатысы бары айтылған болатын. Полиция оларға зорлау, кісі ұрлау, жыныстық сипаттағы күш қолдану және бұзақылық баптары бойынша айып тақты. Төрт күдікті де қамауға алынған болатын.

Бұған дейін Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны өзінің қызы Жібек Мусинованы әлдебіреулердің зорлап кеткені туралы видеоүндеу жариялаған еді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір