• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:24:54
Алматы
+35°

19 Қазан, 2016 NEWS

Қазақстан мектептерінде хиджаб киюге тыйым салынады (ВИДЕО)

Білім және ғылым министрлігінің бірыңғай мектеп формасын сақтау жөніндегі бұйрығы бойынша осы жылдың қаңтар айынан бастап орта білім ордаларындағы киім...

Білім және ғылым министрлігінің бірыңғай мектеп формасын сақтау жөніндегі бұйрығы бойынша осы жылдың қаңтар айынан бастап орта білім ордаларындағы киім үлгісіне өзгерістер енгізілді деп хабарлайды, Qamshy.kz 24.kz- ке сілтеме жасап.

   

Талап бойынша оқушылардың барлығы бірдей киінуі тиіс. Сонымен қатар киім кию үлгісінде діни атрибуттарға жол берілмейтіндігі анық көрсетілген. Бұл талаптар еліміздің аймақтарында қалай жүзеге асырылып жатыр?

Атырау облысындағы 192 мектепте 110 мыңға жуық оқушы білім алып жатыр. Министрлік тарапынан енгізілген жаңалықтар өткен оқу жылынан бастап қолданысқа енгізілген болатын. Мектептердегі киім үлгісін сақтау жөніндегі ережелер мен талаптар алдымен облыс орталығынан басталды.

"Барлық мектепте де форма сақтау мәселесі қозғалып, ата-аналар мен басқа заң қызметкерлерімен де, теологтармен де өте қарқынды жұмыстамыз. Қоғамдағы ең қымбат нәрсе адам болса, оның өмірі болса, ұрпақтарды білімді де саналы, патриоттық сезіммен тәрбиелеу мектептердің міндеті деп есептейміз", - дейді №2 орта мектептің директоры Вера Миденова.

"Бірыңғай мектеп формасы жалпы қазіргі қоғамда ортақ талап қана емес, оның әлеуметтік мәні де бар. Өйткені оқушылардың әртүрлі киінуі өз ортасында әлеуметтік теңсіздік қалыптастырып, сапалы білім алуына қолайсыздықтар туғызады", - дейді психолог мамандар.

"Бұл жерде көпшілігіне баланың қалыптасуына кедергі болады. Егер мектеп аясында хиджаб киетін болса, басқалардан өзгеше көрінгісі келетін болса, онда бірінші шекара бұзылады. Егер біз заңға бағына алмайтын болсақ, ережеге бағынбайтын болсақ, біз дұрыс ұрпақ тәрбиелей алмаймыз", - дейді психолог Лимана Қойшиева.

Жалпы Атырау облысы бойынша мектеп формасын бірыңғай үлгіге көшіру ісі 2010-2012 жылдары басталған болатын. Әрине, әр мектептің жеке жарғысы бойынша ата-аналардың келісімімен жүзеге асты. Ал министрліктің талабынан кейін баршаға ортақ ереже мұнайлы өлкедегі орта білім ордаларының барлығына енгізіліп жатыр.

«Әзірге бұл тұрғыда ата-аналар мен мектеп басшылығы арасында қандай да бір келіспеушіліктер болған емес», - дейді мамандар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір