• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:14:17
Алматы
+35°

19 Қазан, 2016 Экономика

Байқоңырда тауар бағасы жасанды түрде өсіріліп отыр

Бүгiнгi таңда Байқоңыр қаласында салық салу мәселесiне қатысты тауар бағасы жасанды түрде өсiрiлiп отыр. Бұл жағдайды шешу үшiн «1995 жылғы 23...

Бүгiнгi таңда Байқоңыр қаласында салық салу мәселесiне қатысты тауар бағасы жасанды түрде өсiрiлiп отыр. Бұл жағдайды шешу үшiн «1995 жылғы 23 желтоқсандағы ҚР мен РФ арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесi және ондағы атқарушы өкiмет органдарын құрудың тәртiбi мен олардың мәртебесi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы әзiрленген. Құжатты бүгiн Мәжiлiс депутаттары мақұлдады, деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Осы хаттаманың ең басты мақсаты жанама салықтар мен қосарланған салық салу мәселелерін реттеу болып табылады. Бүгінгі таңда Байқоңыр қаласының аумағына сатылатын тауардың бағасына біздің кәсіпкерлер қосылған құн салығын қосады. Ал Байқоңырдағы ресейлік салық төлеушілер ол қосылған құн салығын есепке алмайды, яғни сол салықтың сомасынан тауардың бағасы көтеріледі. Оған қоса сол тауардың құнына Ресей федерациясының заңдарына сәйкес 18 пайыз мөлшерінде қосылған құн салығы есептеледі», - дейдi ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, дәл осындай жағдай Байқоңырдан Қазақстанның басқа аумақтарына тауар сатқан кезде де болады. Осылайша, баға жасанды түрде өседі.

«Бұл жағдайды шешу үшін біз ресейлік әріптестерімізбен бірігіп осы хаттаманың жобасын әзірледік. Біз қазіргі кезде Еуразиялық экономикалық одақта жұмыс iстеп тұрған механизмді хаттамада қолдандық. Қазақстанның басқа аумағынан Байқоңыр қаласына тауар сату кезінде қосылған құн салығы «нөлдік» мөлшермен есептелетін болады және қосылған құн салығы Байқоңырда бір рет 18 пайызбен өндіріп алынады. Осындай принцип Байқоңыр қаласынан Қазақстанның басқа аумағына тауар сатылғанда да қолданылатын болады», - дедi министр.

Б.Сұлтанов атап өткендей, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсету кезінде салынатын қосылған құн салығы бойынша да осындай тәсіл пайдаланылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір