• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:13:55
+35°

19 Қазан, 2016 NEWS

Түркиялық БАҚ: «Ф. ГҮЛЕН» ТЕРРОР ҰЙЫМЫ ҚАЗАҚСТАНДА ДА ТӨҢКЕРІС ЖАСАМАҚ БОЛҒАН

Кеше, Түркияның 130 мың тиражбен таралатын «Takvim(Күнтізбе)» газеті

Кеше, Түркияның 130 мың тиражбен таралатын «Takvim(Күнтізбе)» газеті «КЕЗЕКТЕ КІМ БАР!» атты мақала жариялады. Мақала тікелей Қазақстанның мемлекеттік мәселесіне қатысты дабыл көтергендіктен, Qamshy.kz оқырмандарының да назарларына ұсынамыз.

Айта кетейік, аталмыш газет Түркияда қазіргі биліктің сойылын соғатын ақпарат құралдарының бірі ретінде саналады. Алайда, біз сөз етіп отырған мақаласын қатардағы біреу емес, газеттің бас редакторы Ергүн Ділер жазған. Мақаланың көркемдік қалпын бұзбай, автор стиліне құрмет таныттық.

***

ФЕТӨ дегім де келмейді тіпті

Себебі, қарапайым Фетөшілер де емін-еркін бұндай түсінікке тиісе алады. Боқтық айтқандар да табылады. Бірақ, дәл сол кісілер ФЕТХУЛЛАХ ГҮЛЕН дегеніңізде «ағып жатқан өзендері тоқтайды». (FETÖ/PDY  - Түркиядағы "Фетхуллахшыл террор ұйымы /Параллелді мемлекеттік құрылымдасуының» қысқартылған аты. Сондай-ақ, Гүлен Қозғалысы, Гүлен Жамағаты, Хизмет деп те айтылады - ред).

Ешкім бұл есімді атап айтпайды.  Гүленнің жақтастары ашық-жасырын түрде бізге шабуылдап жатыр, шабуылдайды да. Өйтеріне күмән де жоқ.

Алайда, бізге шабуыл жасайтындар олардың ашық-жасырын тұстарын жазбаймыз деп ойласа, қатты қателеседі. Соңына дейін жазамыз. Көңілдері тоқ жүре берсін. Әсіресе ЖАСЫРЫН ФЕТХУЛЛАХШЫ болғандар. Бір қолымен Пенсильванияны, бір қолымен Анкараны ұстағысы келетіндер... Солар түсінді!

Сонымен...

Гүлен бандысынан жалғастырайық...

Бірақ, Қазақстанда да Төңкеріске дайындық жұмыстары ішінде екенінен жалғастырайық, жіңішкелеп, аттарын атап, түстерін түстеп.

Қазақстанның халық саны 17 миллион... Қазақтардың үлес салмағы %61, орыстар %27, өзбектер %3, кәрістер %1, түріктер %1, ұйғырлар %4, басқа ұлттар болса %1.

Қош дейік, осы кішкентай, бірақ, жер ауданы үлкен болған БАЙ МЕМЛЕКЕТТЕ ГҮЛЕН БАНДЫСЫ қандай жағдайда? Міне осыны біле бермейміз. Гүлен жамағатының ең тамырланған жерін ешкім айтып жатқан жоқ Түркияда. Барлығы нысанаға тигізе алмай жүр.

Алдымен, бұл елде 33 ФЕТӨ лицейі бар, 2 халықаралық мектеп, 1 университет, 58 пән курстары мен тіл курстары...

Марқұм Өзәлдің (Қазақстан тәуелсіздік жариялаған тұстағы Түркия президенті – ред.) бастауымен бұлар Қазақстанға табан тіреді. 1991-ден соң дамыл қаққан жоқ, Қазақстанға қарай бастарын сүйреп заулады көбі.

Жасап алған ШАРЫҚТАРЫНДА әр жылы мыңдаған оқушыны түлетті. Әлі де, 5 те 7 мың арасындағы студентті жыл сайын шетелге оқуға жіберді. Кеткен қайта келеді. Және бәсекесіз маман ретінде. Бұлардан басқа Қазақстанда бұндай методы бар құрылым да жоқ.

Олар әр жерде бар. Биліктің әр сатысында да бар. Ел басшысы Назарбаев ізгі ниетті, кең жүректі бір адам... Бұларға адал көңілімен жол берді.

Бұлар болса, ҚАРТАҢ ТАРТҚАН МЕМЛЕКЕТТІК КАДРЛАРДЫҢ АЛЬТЕРНАТИВІН дайындады. Жылдар бойы бұл жоспар мінсіз атқарылып келеді... Оқулар түгелдей бұлардың басқаруындағы балаларға толы. Бюрократия да, Бизнес әлемі де сондай. Жетілдірген бұлар, орнықтырған бұлар... Қартайғандар зейнетке кетеді, орындарына осылар келеді. Басқа біреудің келуі мүлде мүмкін де емес.

Осы жағдайға һәм Ресей, һәм Түркия  кері ықпал етіп жатыр, қауіптің қайдан екенін білді. Бірақ, МЕМЛЕКЕТ олардың қолында. Тек қазіргі механизм өз пайдаларына есетін шынайы бір дауылға мүмкіндік бермей тұр. Оның жолын тосып тұрған ТӨМЕНГІ ТАПТАР. Партиялар, кәсіподақтар, сондай-ақ азаматтық қоғам әлі түгелдей «ұйымдаспады», яғни толықтай «жамағаттың» қолына көшпеді.

Солай болса да, Жамағат өкілдері кеңінен тамырланып, ниетін жең ішінде жасырып жүр. Қазақстандағы ең ұйымдасқан құрылым осылар. Сағат сияқты сыртылдап істеп тұрған жүйесі бар. Бұлардың қатарына жатпайтын түрік бизнесмендері аттап баса алмайды. Барғандар бірден қайтуға мәжбүр болады. Ал, олардың өкілдері болса Түркиядан құстай ұшып кетіп жатыр. Тіпті кейбірі ол жақта(Қазақстанда. –ред) Фетөші боп көрінуге мәжбүр. Бұлар облыс әкімдіктерінеде де, орталықта да күшті. Ақшаны, экономиканы оп-оңай контрольінде ұстайды. Қаламаған адамдарына адым аттатпайды. Банктерде де сондай жағдай, ақшаны қалғанына береді, басқаша мүмкін емес.

Аша түсейік...

Аттарын атайық...

Доктор Зеки Пилге ең бай, ең ықпалды бір тұлға. Ол KATİAD(ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТҮРКИЯ ІСКЕР АДАМДАР ҚОҒАМЫ)-тің 16 жыл төрағасы болды. Зеки, бұл қоғамның ішіне ыңғай Фетөшілерді толтырды. Қоғамның құрушысы болған Әли Байрам Гүленнің жиені. Олардың арасында Қазақстанда имамдық жұмыс істеген Әли Токул, Үнал Өзтүрік сияқты адамдар да осы саптың ішінде роль алған. Гүлен жасағының Қазақстанда тамырлануын қамтамасыз еткен Зеки Пилге болатын. Ақылды болатын, бірақ байланыстарын жасыра алды деп ойламаймын, күнінің болашағын ойламайтын да шығар.

Заман газетінде жұмыс істегендерден білгенімдей, біздерді SELAM TEVHİD KUMPASI-на шатқан Әли Фуат Иылмаз болатын. Еш танымаған адамым, еш білмеген ұйымға «бізді» кіргізді.(Tevhid Selam немесе Tevhid Selam Құдыс армиясы, Хизбуллах құрушыларынан Ирандық ойшыл және саясатшы Мұса әл-Садырдың идеясы негізіндегі Исламдық мемлекет құруды мақсат еткен ұйым)

Ешкім дәлел сұрамайды деп ойлайды ғой, 17-25 оқиғасында кімнің дауысы шығар еді.(Баспрокуратраның 2013 жылғы 17 желтоқсандағы Түркияның 4 бірдей министрінің ұлдарының, бірқатар ірі кәсіпкерлердің тұтқындалуы мен 25 желтоқсандағы Президенттің баласы Біләл Ердоғанға қатысты жемқорлық бойынша қылмыстық айып тағуымен басталған дау. Олардың қылмыстарын «дәлелдейтін» біраз материал БАҚ-та жарияланды). Осы  істегі Полиция бастығының ҚАЙЫНАТАСЫ ЖӘНЕ АДВОКАТЫ болған бір есімнің шын мәнінде кім болғанн білесіз бе? Құсейін Атаол. Иә, ол Зеки Пилгенің ең жақын достарының біреуі еді.

2009 жылдан кейін Зеки Пилге бұл кісіні жанынан тастамады. Егер «15 шілде бас көтеруі» сәтті болғанда осы Атаол Әділет министрі болуға тиіс екенін естідім. Олай бола қалса, Зеки Пилге кім болар еді, тіпті білмеймін.

Шамасы, осы Пилгенің арқасында АТАОЛ Қазақстанның ірі компанияларының бірі ҚазМұнайГаз-дің ішінен орын алды.(Кеше Түркиялық БАҚ, Құсейін Атаолдың аталмыш компанияның адвокаты болғанын жазды. Ақпаратта, Қазақстанның маңызды стратегиялық ақпараттары CIA-ге Гүлен арқылы Атаолдан берілгені айтылды.  –ред). Ол өте мағызды, үлкен келісімшарттардың куәсі болғаны анық, маңызды ақпараттарды CIA-ге жіберіп отыруы еш қиын болмағаны да белгілі.

Бұл адвокат, бұрынырақ Ыстамбұл Жас Кәсіпкерлер Қоғамын басқарған. Осы қоғаммен Қазақстандағы қоғамды бірлестірді. Екі жақты концессиялар жасауды оңайлатты. Соның арқасында Түркиядағы кейбір кәсіпкерлер Қазақстанда емін-еркін әрекет етті. Олардың ішінде

Ахмет Жошкун - SÜVARİ-дің 18 магазинін ашты.

Исмайл Хаккы Қысқажық - LC Waikiki-дің 23 магазинін ашты.

Хасан – Ирбахим Сайн –«Çiçek Mangal»-дің желісін құрды. Мемлекеттен тендерлер алды.

Бұлармен қоса, Фатих Ақташ, Еврен Қаража, Решат Қорқмаз, Мұрат Сұнгурлу, Фарук Гүллоғлұ және Нежат Гүллү  алды тосқауылсыздар тізімінде болды. Басқалары да бар еді, оларға кейін кеңірек тоқталамыз.  

Адвокат Құсейін АТАОЛ «полиция, прокурор, сот» үшбұрышында атқарған қызметінде көптеген іскер адамдарды құртып жіберді. Тіпті аса орасан сомадағы қаражатты ұйымдарына іскер адамдардан «алып бергені» туралы да айтылады. Әрине жалғыз өзі емес. Һәм бизнес әлемінен, һәм құқық қорғау органдарынан үлкен көмек алатын. Кейбір бюроркраттар мен саясаткерлердің «тазалық» жұмысын жасаған да осы есім. Ұйымдағы қызметі болса «Адвокат Имамы» екенін естідім.

Ал осы адам, Қазақстандағы ең мықты мекеменің дәл ортасында.

Зеки Пилгеге келейік, ол ... 17-25-тен кейін де адвокатын қасынан тастамады. Иелік етті. Құсейін Атаолмен жолы ұшырасқан іскер адамдардың көптегені тұтқындалып немесе қашып жатқанда Пилге неге екені оның қасында қасқайып жүрді.

Ойлаңыз, адвокат  «15 шілдеден»  кейін МИНИСТР болса Пилге кім болар еді?

Біз білмейтін бір келісімшарттары болған да шығар.

Пилге барлық аймақтарға АҚШ-тың маркаларын сатқан ең ықпалды тұлға болатын. Мықты Компанияның иесі болатын, «15 шілдеден» қандай нәрсе күткенін білмеймін.

Ал, қазір Құсейін Атаол Германияда қашып жүр.

Қырғызстанға жиі келіп-кетіп жүрген көрінеді.  Қылмыстыларды ауыстыру келісімі болмағандықтан сонда бой көрсетіп, Қазақстандағы жұмыстарын атқарады. Және қауырт жүргізіп жатыр.

Бұған да айтарым жоқ, қолымыздан ештеңге келмейді себебі. Бірақ, бұлардың не істей алатынын білемін. 1991-ден бері қарай дайындық жасады. Мемлекеттің барлық нүктесінде орналасқан. Байлық та бұлардың қолында.

Елеусіз қаралмайтындай күштері бар. Банктерден ҰҚК-ге дейін. Ең жақсы білімді осылар бергендіктен, Шетел көргендердің бәрі осылардан болғаны үшін бұларға бәсекелес те жоқ, бұлардай айлакер де жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев өте адал ниетті бір ақсақал... Түркияны сүйетін адам. Бірақ, Жамағат ұйымы Түркиядағыдай ұйымдасуға ұқсас бір әрекетті, тіпті одан да зорын жоспарлаған болуы да мүмкін.

Қазақстан байлығы мен жағрапиялық позициясы бақылауда ұсталуға тиіс бір орталық. Жамағат CIA-дің көмегімен бақылауды ешкімге де бергісі келмейді. Осы үшін де келеді олар...

Себебін нақты білмеймін, бірақ Нұрсұлтан Назарбаев осы себептен де Энергетикалық Саммитке (14 қазанда Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік келісімі кезекті жиналысы. –ред.) бармай қалды.

Кім білсін, бірақ оның жекебасының да қатер ішінде екенінің ақиқатын жоққа шығара алмаймыз.

Бауырлас еліміз үлкен қауіп астында

Елеусіз қалар тұсы жоқ.

Бұндағылар «15 шілденің де», «17-25 дауының» да дәл ортасында болғандар.

Барлығын бірге ойластырды.

Бұлардың арасындағы кебір тұлғалардың шын келбетін танысаңыз, таңғаласыз. Қазірге басқа адамдардың атын атағым келмейді. Бірақ, Тархим Хангардан (1994 жылы құрылған жеке ұшақтар жалға беретін компания, Жамағатпен байланысты. –ред.) Инжирлікке («15 шілде» әрекетінде Жамағат қолданған маңызды әскери авияцилық нысан. – ред.), аудиотаспаларға (Президент Ердоған мен ұлы Біләл арасында парақорлық ақша туралы өткен диалог жазбасы делінген БАҚ-та жарияланған дәлел. –ред), «15 шілдеге» барған жолдың тасын бұлар бірге төсеген.

Ешқайсысы да білмейтін есімдеріміз емес, байланыстары да сыр емес. Тым болмағанда Мен үшін.

Қазақстанды ескертейік, қашатын бір жер болмасын бұларға, ол жақтағы есіктерін жабайық...

***

Естеріңізде болса, Түркиядағы жағдайдан кейін Түрік билігі Қазақстаннан Жамағатқа қатысы бар білім ұяларын жабуды ресми сұраған болатын. Тіпті, Назарбаевтің Анкара сапарында да осы мәселені Ердоған тіке өзі сұраған. Өз кезегінде Елбасы түгелдей тексеріс жүргізілетінін айтқан еді. Ал, аталған мәселеге қазақ қоғамы екі жарылып, бір жақ «жабайық» десе, бір жағы «ішкі шаруамызға Түркия килікпесін!» дескен. Түркиялық БАҚ Қазақстан туралы осындай мақала жарияласа, біздің құзырлы органдарымыздың қарап отырғаны жарамас.

Аударған: Нұрғали Нұртай

Darkhan Muqantegi

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір