• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
20 Қазан, 20:51:36
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

20 Қазан, 2016 Оқиғалар

Қырғыз қызына үйлену үшін ағылшындық ислам дінін қабылдайды

 

 

Қыз негізі стюардессе. Олар Алматы-Әбу-Даби рейсінде танысыпты. Бір-бірін ұнатып, көп ұзамай отбасын құрамыз деп шешеді. Қырғыздың қызына ғашық болған ағылшындық оған үйлену үшін ислам дінін қабылдайды деп жазады limon.kg. Дайындығына 6 ай, 200-ден астам адам шақырылған той шетелде, анығын айтсақ, Парсы шығанағындағы Шейх Заид мешітінің қасында өтті. Осы тойды көру үшін Пакистаннан, Үндістаннан, Сербиядан, Кореядан, Африкадан, Филиппиннен келген қонақтар болды. "Жар-жар" әнімен ата-енесінің қасына барып, сәлем салған қыз шетелдіктерді таң қалдырмай қоймады. Қыздың әке-шешесі құдаларына киіт кигізсе, шетелдік құдалар қыздың қалың малын төлепті.

Қырғыздың Жаннасы мен ағылшындық Ибрагим бүгінгі таңда бақытты. Жас отбасы Абу-Даби қаласында тұрады. 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір