• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:32:22
Алматы
+35°

 

Оңтүстік кореялық бренд "Benton" маркалы табиғи емдік-косметикалық құралдардың ресми саудалаушысы және отандық  жасыл өнім, дәрілік заттар шығарушы Dari life  компаниясы 15 қазан күні өзінің бір жылдығын атап өтті. Аз ғана уақыттың  ішінде зор жетістіктерге жеткен ұжымның мерекелік бас қосуы Алматыдағы "Мирас" салтанат сарайында өтті деп хабарлайды qamshy.kz

Жиналғандарды мерекемен құттықтаған компания президенті Ақзат Азатұлы бір жылдың ішінде компанияның қыруар жетістікке жеткенін айтты. "Арманымыз Қазақстаннан бір компания ашып, әлемге таныту еді. Міне, сол арманды жүзеге асыру жолында еңбек етіп жатырмыз. Компания қызметкерлері оған зор үлес қосуда. Әрине, компанияға, оның мақсаттарына сенбегендер болды. Сеніп, бірге қалғандар да болды. Сенгендер, міне, бүгін осы залда құрметті  қонақ болып отыр, сенбегендер үйлерінде теледидар көріп отыр",- деген компания басшысы ұжымның бүгінде Қытай нарығында белсенді жұмыс істеп, ондағы тұтынушылардың зор сеніміне бөленгенін, алдағы уақытта әлемдік нарықтың сұранысын қанағаттандыру бағытында жұмыстың жалғасатынын жеткізді. Емдік-косметика нарығында өзінің орнын биіктен белгілеген компания бұл мейрамға үлкен жетістіктермен келіп отыр. Қызметте озық тәжірибе танытып, компанияның ғана емес, өздерінің де табысын еселей білген 5 өкіл Хьюндай автокөлігін иеленсе, 5 қызметкер Дубайға, 2 қызметкер Парижге саяхаттап қайтуға жолдама алды. Одан бөлек компанияның 8 өкілі миллионер атанып отыр. 

Компания өнімдерінің  100% экологиялық таза, ешқандай химиялық қоспасыз, денсаулық пен әсемдікке пайдасы мол өнімдер екенін атап өткен жөн. Осындай адам ағзасына пайдасы мол өнімдерді жүйелі жолға қойылған компания жұмысы нәтижесінде мыңдаған адамның денсаулығын нығайтуға да үлес қосуда. Ұжымның мерекелік кешінде "Вице-президент" атағын табыстау, басқа да сый-сияпаттар үлестіру шаралары өтті. Көңілді кештің ажарын Қазақстан мен алыс-жақын шет елдерге танымал өнер жұлдыздары Жанар Дұғалова, Жазира мен Жанболат, Серікбол Сайлаубек бастаған эстрада әншілері аша түсті. Компания басшылығы компанияның әрбір өкілі мен тұтынушысына толайым табыстар мен зор денсаулық тілейді.

Ерлан Төлеубай 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір