• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:55:36
Алматы
+35°

20 Қазан, 2016 NEWS

Дәрігерлер Ақтөбелік келіншектің жатырынан 6 кг миома алды (Фото)

Ақтөбелік дәрігерлер мылқау келіншектің жатырынан 6 келі миома алды. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының алыс ауылында тұратын келіншек қазір жансақтау...

Ақтөбелік дәрігерлер мылқау келіншектің жатырынан 6 келі миома алды. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының алыс ауылында тұратын келіншек қазір жансақтау бөлімінде жатыр,-  деп хабарлайды Qamshy.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

Іші іскенше жүре берген келіншектің жатырындағы миоманы астаналық дәрігерлер анықтаған. Дәрігерлер қатерлі ісікті әйелдің жатырымен бірге алып тастаған. Сөйлей алмайтын келіншектің үш баласы бар.

«Шалқар ауданының алыс ауылында тұратын 47 жастағы келіншектің жатырынан алып миома анықталды. Ісіктің салмағы 6 келіден асады. Әйел оянды, ота сәтті өтті. Бір аптадан кейін үйіне шығарылады. Астанадан келіп жатқан арнайы топ ішіндегі дәрігерлер алыс ауылдардағы тұрғындарды тексеріп жатыр. Әйел адамдардың арасында асқынған аурумен жүргендердің көп екені анықталған. Алматыдағы республикалық акушерлік және гинекологиялық орталығының дәрігері Роза Раеваның жетекшілігімен бірнеше ота жасалынды», - дейді облыстық аурухананың бас дәрігері Самат Данияров.

Әйелдің жатырындағы алып миоманы ауылға келген «Денсаулық пойызының» мамандары көрген. Науқасты бірден порталға кіргізіп, облыстық ауруханада ота жасады.

Мамандар алыс ауылдарда дәрігерге көрінбей, аурулары асқынып кеткен келіншектердің көп екенін айтады. «Денсаулық пойызы» көмегімен тағы бір

45 жастағы келіншектен де жатыр ісігі алынған. Ол әйелдің миомасы да үлкен көлемде ісіп кеткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір