• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:19:27
Алматы
+35°

20 Қазан, 2016 Фото-баян

Күз-қыс 2016-2017. Сәнді аяқ киімдер

 

Суық мезгіл басталмай жатып жылы киімдерімізді толықтыра бастаймыз. Сонымен қатар, таңдаған киімдеріміз әрі жылы, әрі сәнді болуы керектігін ұмытпағаныңыз жөн. Ал жаңа күз-қыс 2016-2017 мауысымында қандай аяқ киімдер сәнде болады? Олардың түрлері қандай? Бұл сұрақтардың жауабын төменнен таба аласыз. Ендеше,пайдалы ақпаратқа назар салыңыз!

Бүгінгі сән әлеміндегі жаңалықтар бір-бірінен ерекшелілігімен, өзгешелілігімен ерекшеленеді. Олардың фасоны, элементі, түсі және т.б. сияқты ерекшеліктері таң қалдырмай қоймайды.

Құралатын ең басты элемент:

1. Табаны

2. Басы

3. Палитра

4. Бейнелеуіш элементтер

5. Фасон

Ботфорт күз-қыс 2016-2017

Ботфорттар тағы да сәнде. Дизайнерлер аяқ киімнің күнделікті киіп жүруге ыңғайлы болуын барынша назарда ұстады. Balmain брендінің замштан жасалған ұзын етігін қайсыбір ару қаламайды? Нәзік өкше, сәнімен үйлескен ыңғайлылығы, жылулығы бір бөлек тақырып. Осының бәрі бір ғана ботфортта үйлескен.Баса назарды етіктің түсіне бөлген жөн. Адам түстес, ақшыл сары түстер жаңбырлы, лай батпақ ауа-райына қолайлы болмауы мұмкін. Бірақ күннің нұры төгіп тұрған, ашық ауа-райында сіздің образыңызды толықтырып тұратыны анық. Сәнді ботфорттарды Altuzarra, Fendi, Givenchy, RickOwens, Vetements сияқты маркаладан таба аласыз.

 

Шолақ етіктер.

Шолақ етіктер мүлде сәннен шыққан емес. Тек олардың әрі қарай жанданып, түрлі формаларда, өзгеше сәнде шығып жатқанын айта кеткен жөн болар. Осы жолғы маусымда шолақ етіктердің әртүрлі түрі сәнде: ерекше формалар үлгісінде, принттер мен фактура, түрлі-түсті ашық түстегі фасондар және т.б. Осындай ерекше аяқ киімдерді Chanel,Chloe, Coach, MarcJacobs, Mulberry, NinaRicci сынды маркалар өз көрсетілімдерінде ұсынды.

 

Шұлық-етік.

Күз- қыс маусымындағы басты тренді- шұлық тәріздес етіктер. Бұл үлгі барша әйел қауымының жүрегін жаулап алды десе де болады. Дәл сол себептен атақты дизайнерлер өздерінің коллекцияларында осы аяқ киім үлгісінің жаңа, ерекше түрін кіргізуге белсенді жұмыс атқарып жатыр. Артық ешбір элементі жоқ, тартымды замштан жасалған тиянақты етіктер сәнді, әдемі, әрі образды толықтырып отыратын бұл етіктің түрі осы маусымның басты тренді.

Ең басты түстер

Түнеріңкі күрең күзде және суық қыс мезгілінде көңілдіқуантып, тамаша көңіл-күй сыйлайтын, көзге бірден түсетін ашық түстерді таңдаған жөн. Олардың қатарына:

  • * Аспан көк;
  • * Күлгін;
  • * Қызыл сары;
  • * Сары.

Сәнді элементтер

Күз қыс мезгілінде аяқ киімның басты элементтеріне мыналар жатады:

  • Алқа мен бау;
  • Шнур;
  • Тері

 

                         

  

Материал Ikerim.kz сайтынан алынды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір