• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:52:04
Алматы
+35°

20 Қазан, 2016

Ninety one тобының шетелдік тыңдармандары қазақ тілін ұнатуда (ВИДЕО)

Ninety one (91) тобының танымалдылығы күн санап артуда. Мақтау мен даттауды қатар естіп жүрген аты шулы топтың шетелде тыңдармандары баршылық. Олар топ...

Ninety one (91) тобының танымалдылығы күн санап артуда. Мақтау мен даттауды қатар естіп жүрген аты шулы топтың шетелде тыңдармандары баршылық. Олар топ жайлы, топтың шығармашылығы туралы ғаламтор бетінде жарысып жазуда.

Ютубтың Neide1Guerreiro деп аталатын каналында португалиялық қыздар жігіттердің бейнебаянын көргеннен бастап Ninety one-ның жанкүйерлеріне айналғандары туралы айтады. Қазақстандық топты ұнатқан қыздар қазақ тілінің құлаққа жағымды екенін атап өтті. Біздің жігіттердің жүріс-тұрысы, бет-бейнесі де шетелдік тыңдарманның назарынан қалыс қалмады. Қазақтарды кәріске қатты ұқсатқан қыздар мемлекеттік тілге келгенде шатасты. Орысша комментарийлердің көбірек жазылатындығын байқаған олар елдің мемлекеттік тілі орыс тілі деп ойлап қалыпты.

"Қазақстаннның Ninety one тобының әншілері кәрістің "Big Bang" тобын қайталап жүр. Мұны толыққанды плагиат деуге болады" дейтін шетелдіктер де жоқ емес. Дегенмен, топ жайлы жағымды пікір өте көп.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір