• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:54:06
Алматы
+35°
 
Астана қаласы Әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сәйкес Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елордалық үш ауданның активіне жаңа әкімдерді таныстырды деп хабарлайды qamshy.kz. Бүгін олардың кандидатураларын қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан бекіткен болатын.
 
«Есіл» ауданының әкімі болып Бөлекпаев Ермағанбет Қабдулұлы тағайындалды.
 
«Алматы» ауданының әкімі болып Сәрсембаев Әділбек Зейнуллаұлы тағайындалды.
 
«Сарыарқа» ауданының әкімі болып Тұрлыбек Арман Алашұлы тағайындалды.
 
*****
 
Сәрсембаев Ә.З. 1978 ж. 25 тамызында Целиноград қ. туған. Білімі жоғары, заңгерлік, экономикалық. Саяси ғылымдар кандидаты. Еңбек жолын 1996 жылы ҚР ҚМ салық инспекциясында бастаған.
 
2000-2006 жж. Астана қ. әкімдігінің жүйесінде түрлі қызметтер атқарған.
 
2006-2007 жж. ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы.
 
2007-2009 жж. Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.
 
2015 жылдың мамырынан «Астана қ. табиғат ресурстарын және табиғат пайдалануды реттеу Басқармасы» ММ басшысы.
 
«А» корпусының кадрлық резервіне енгізілген.
 
Бөлекпаев Е.К.1975 жылдың 2 қырқүйегінде туған, Қарағанды облысының тумасы, білімі жоғары экономикалық, заңгерлік. Еңбек жолын 1996 жылы банк саласында бастаған.
 
1998-2009 жылдары ҚР орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарған.
 
2009 - 2013 жылдары ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша және Астана қаласы бойынша аумақтық басқармасының бастығы.
 
2013 жылдың шілдесінен 2015 жылдың қарашасына дейін Астана қ. «Сарыарқа» ауданының әкімі. 2015 жылдың қарашасынан Астана қ. «Алматы» ауданының әкімі.
 
Тұрлыбек А.А. 1971 жылдың 6 мамырында туған, Қарағанды облысының тумасы, білімі жоғары экономикалық, техникалық. Еңбек жолын 1993 жылы бизнес саласында бастаған. 1999 жылдан бері Қарағанды облысы әкімдігінің жүйесінде жұмыс істеген: Энергетика және коммуналдық шаруашылық Департаментінің директоры, Сәтпаев қ. әкімі, облыс әкімінің орынбасары. 2010 жылдан ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде жауапты қызметтер атқарған.
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір