• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:19:40
Алматы
+35°

21 Қазан, 2016 NEWS

Перзентханада сәбиі шетінеген әке дәрігерлерді жағадан алды

Алматы облысында сәбиі шетінеп кеткен әке дәрігерлерді жағадан алып, жанжал шығарды,-  деп хабарлайды

Алматы облысында сәбиі шетінеп кеткен әке дәрігерлерді жағадан алып, жанжал шығарды,-  деп хабарлайды Qamshy.kz  КТК арнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, әйелі ақ халаттылардың кесірінен айынан ерте босанып қойған. 7 айлық боп өмірге келген шақалақтың бастапқыда денсаулығы да жақсы болғанымен, арада жеті күн өтпей шетінеп кетіпті. Сәбиі өліп қайғырған жалғыз бұл отбасы емес екен. Қаскелең ауруханасында өлген басқа да балалардың әкелері оқиғаның қайталанғанын естіп, бүгін айқайға басты.

Күні кеше ғана әке атанған Фархат сәбиін әлі иіскеп те үлгермепті. Айтуынша, аяғы ауыр келіншегі дәрігерлердің берген дәрісінен соң  ауруханаға түскен. Жағдайы ауырлаған әйелді ақ халаттылар бірден босандырып алыпты.

"Акушер Рифат келіншегімнің де, баланың да жағдайы тәуір деген. 20 мың теңге ақша сұрады берді", - дейді ашынған әке Фархат Тұрымбетов.

Бірақ жағдайы жақсы делінген жеті айлық бала жеті күн өтпей шетінепті. Ал ақ халаттылар қаралы хабарды жеткізгеннен басқа мардымды жауап бере алмаған. Олар бала, аман-сау, тамақ ішіп жатыр деген.

Аурухана басшылығы өздеріне шаң жуытпақ отыр. Керісінше,сәбиінің өлімінің себебін білгісі келген әкені тыңдағылары да келмей, күзет шақыртып, науқастардың ызасын тудырды.

Сөйтсе, бұл перзентханадан жылап шыққан жалғыз бұл отбасы емес екен. Ерқуан Егізбаев та осы жерден баласыз кеткен. Оның сәбиін ақ халаттылар шатастырып туберкулезден емдеген екен. Кейін сот сараптамасы баланың тіпті сау болғанын айтыпты.

"Туберкулез деді,  тексертсек туберкулез емес, бауыры езіліп кеткен дәріден, ауыр дәрілерден. Жазасын беру керек, дәрігерлердің. Бәрін тексерту керек", - дейді Қаскелен кентінің тұрғыны Ерқуан Егізбаев.

Ал жеті айлық баласынан айырылып қалған ана енді бұл перзентханаға жоламайтынын айтып, жылап отыр.

Тұңғышын бесікке емес, қара жер қойнауына тапсыруға мәжбүр әке енді сотқа жүгініп, Денсаулық министріне де шағымданбақшы.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір