• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:30:20
Алматы
+35°

21 Қазан, 2016 NEWS

Ақтөбе облысында әскерде соққыға жығылып ата-анасы үйінде кісендеп ұстап отырған жігіт жындыханаға жабылды (Видео)

Ақтөбе облысында ата-анасы кісендеп ұстап отырған жігіт психдиспансерге қабылданды. Талмасы ұстаса ешкімге бой бермей кететін Азамат Боқановтың диагнозын...

Ақтөбе облысында ата-анасы кісендеп ұстап отырған жігіт психдиспансерге қабылданды. Талмасы ұстаса ешкімге бой бермей кететін Азамат Боқановтың диагнозын мамандар бір ай ішінде анықтаймыз деп отыр.

Бұл туралы Qamshy.kz Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

25 жастағы бұл жігіт осыдан 6 жыл бұрын әскерде соққы алған. Содан үйіне  оралғалы бері отбасыда береке жоқ. Өйткені зіңгіттей жігіттің ауруы қозғанда әл бермей, көзіне көрінгенге тиіседі. Тіпті, әкесінің саусағын шайнап тастаған. Сондықтан көтерілгенде кісендеп қояды екен. Енді мамандар оны бір ай психдиспансерде емдеп, ұстамасының себебін анықтамақшы. Кейін мүгедектік рәсімдеуге көмектесеміз деп отыр. Бірақ науқасты үнемі оқшау ұстауға болмайтынын айтады.

Данияр Шалтақов, Ақтөбе облыстық психоневрологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары:

-Науқасты мұнда оқшаулап ұстап отыра алмаймыз. Сондықтан диспансерден шыққан соң үйде дәрілерін уақытылы беріп отыру керек. Талмасы ұстамаса ешкімге зияны жоқ. Мұндай дертке қатты соққы мен психологиялық күйзелістің кесірінен шалдығады адамдар.  

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір