• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 21:00:55
Алматы
+35°

21 Қазан, 2016 Әлеумет

Cөз бостандығын пайдаланамын деп жиыннан қуылған жігіт (ВИДЕО)

Үстіміздегі жылдың 20 қазан күні Шымкент қаласында коммуналдық қызметтер тарифінің өсуіне байланысты қала тұрғындарымен жиын өткізілді деп хабарлайды

Үстіміздегі жылдың 20 қазан күні Шымкент қаласында коммуналдық қызметтер тарифінің өсуіне байланысты қала тұрғындарымен жиын өткізілді деп хабарлайды qamshy.kz порталы azattyq.org сайтына сілтеме жасап. Жылу бағасының көтерілуін қоғамдық талқыға салуды ұсынған Сүйін Абулда есімді жігіт шенеуніктер тарапынан қолдауға ие болмады. ОҚО монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменітінің басшысы Бақтияр Аталықовтың айтуы бойынша аталмыш азамат мінберге шығып, бүкіл қала тұрғындарының атынан сөйлеуге құқысы жоқ. Ондай құқыққа тек халық қалаулары ие деді де Аталықов мырза жігітті жиыннан қуып жіберді.

Сүйін Абулданың жан айқайына тек Шаруа Пірмат есімді профессор ғана құлақ түріп, жақтасып сөйледі. "Қазақтың жері тұнып тұрған байлық. Бәрі біздікі. Табан астымызда. Соған қарамастан бағалар неге көтерілуде?" деген профессордың мұңы, шағымы елеусіз қалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір