• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:26:47
Алматы
+35°

 

Microsoft-тың мәлімдемесі бойынша, осы жылдың шілде-қыркүйек айларында, 2017 жылдың қаржылық календарында бірінші ширек боп қабылданған мезгілде компанияның таза түсімі мен пайдасы артты.

Компанияның түсімі, шілде-қыркүйек маусымында %3,1 ұлғайып,  22,33 миллиард долларды құраған. Microsoft, өткен жылдың ұқсас маусымында 21,66 миллиард доллар түсімге ие болған еді.

Өткен жылдың осы уақытында 5,38 миллиард доллар таза пайда тапқан болса, осы жылы ұқсас мезгілде %11,3 –ға артып, 5,99 миллиард долларға шыққан.

Microsoft-тың  2017 қаржылық жылы бірінші маусымында таза пайда мен түсімдері ұлғайған соң, компанияның акцияларының жеке құны  New York биржасында %6,1 артып,  60,75 долларға қымбаттады.

Бұған дейін компания құнды қағаздарының қымбатуының ең соңғы рекорды  1999  жылдың 30 желтоқсаны болатын. Ол күні, құнды қағаздың жеке бас құны 59,97 долларға көтеріліп, күнді 59,56 доллармен аяқтаған болатын.

Осылайша, Microsoft-тың акциясы бейсенбі күні  60,75 долларға талпынып, компания тарихындағы ең жоғары деңгейге жетті. Мамандардың айтуынша, бүгін, яғни жұма күні де акция қымбаттай түсуі мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір