• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:58:40
Алматы
+35°

21 Қазан, 2016 Айтты-ей, бауырың!

Отанымыз орысшыл Kazakhstan emes, Qazaqstan немесе Qazaq Republic деп аталуы керек

Бұрынғы "Kazkom" аталынып келген банкіміз бүгіннен бастап "Qazkom" аталғаны құтты болсын! Қазақ атауының ағылшынша белгіленуінде бөтен орыс...

Бұрынғы "Kazkom" аталынып келген банкіміз бүгіннен бастап "Qazkom" аталғаны құтты болсын! Қазақ атауының ағылшынша белгіленуінде бөтен орыс емес, Ана тіліміздің негізінде жаңа бренд жасағандарыңызға көп рахмет, Қазком басшылығы мен ұжымы! Еліміздің халықаралық атауын қазақшалау тұрғысында соңғы жылдары көп игі бастамалар іске асуда: Qazaq Bank, Qazaq Air т.б. Қазақиланбаған жалғыз атау - Отанымыздың орысшыл Kazakhstan emes, Qazaqstan немесе Qazaq Republic аталуы қалды. Бодандық қалыптан өзімізді Егеменді Ел ретінде сезінуімізге жол ашатын осындай игі іске ат салысайық, Қазақ баласы!

Расул Жұмалының ФБ парақшасынан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір