• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Қазан, 18:22:14
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

21 Қазан, 2016 Саясат

Клинтон Трампқа: «денсаулығың аттай, Путиннің аты сияқтысың!»

АҚШ президенттік сайлауына түсіп жатқан Респбуликашылдар өкілі Трамп пен Демократ өкілі Клинтон Нью-Йорктегі бір Католик қоры жайған дастарханда қарсы ұшырасты...

АҚШ президенттік сайлауына түсіп жатқан Респбуликашылдар өкілі Трамп пен Демократ өкілі Клинтон Нью-Йорктегі бір Католик қоры жайған дастарханда қарсы ұшырасты. Олар дастарханда бір-бірлеріне қалжыңмен соқтығысты. Қайырымдылық дастарханында Нью-Йорк басшылары да болған. Дастархан қонақтары арнаулы шақырылған 500 кісі болып, әр бірі 3000 доллардан өтем жасауға міндеттелген.

Хабертүрік сайты жазуынша, Ас үстіндегі президенттікке үміткерлер диалогы отырғандарға еріксіз езу тартқызды. Мінберге бірінші шыққан Трамп, баспасөздің біржақты позиция ұстанғанын сынай сөйлеп, дәлел ретінде: «Мишел Обама сөз сөйлесе оны барлығы ұнатады, бұл фантастика, оны керемет деп ойлайды бәрі. Ал, менің әйелім Мелания да тура сол сөзді сөйлеп еді, бәрінің қарсылығына қалды. Түсіне алмаймын», - деген.

Одан соң Трамп сөзін жалғап, Клинтон мен өте мәдени қарсылас екенін тілге тиек еткен. Мінберге шығар алдында  Клинтонмен соқтығысып алғанын айтқан ол: «Маған сыпайы түрде «кешір!» деді, ал, Мен оған «сенімен кеңсеме барған соң сөйлесуге мүмкіндік бер» деп айттым, Хилларидың бұл кеште көп күлетініне, орынсыз жерде де күлетінен күмәнім жоқ» деді. Сондай-ақ, «Хиллари парақор ғой, Watergate комиссиясынан алынды. Watergate комиссиясынан алынатындай қандай парақор болдың?» деген.

Ал, Клинтон ұйқысын қиып келіп отырғанын айта келіп, өз кезегінде: «Трамптың энергиясы болмаған соң өстіп қуады» деп бастаған. Ол Трамптың Ресеймен жақындығын мысқылдап, «Трамптың ат сияқты денсаулығы бар, құдды Владимир Путиннің аты сияқты» деп отырғандарды күлдірген.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір