• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 12:20:00
Алматы
+35°

22 Қазан, 2016 Кәсіпкер

Қасымов жемқорлық үшін барлық полицейді жұмыстан шығаруға дайын (Видео)

Министр бұл туралы Парламент депутаттары министр Қасымовтан Қазақстан Республикасының ІІМ жемқорлықпен күресу үшін қандай шаралар қолданып жатқаны туралы...

Министр бұл туралы Парламент депутаттары министр Қасымовтан Қазақстан Республикасының ІІМ жемқорлықпен күресу үшін қандай шаралар қолданып жатқаны туралы сұрағына берген жауабында айтқан.

Жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған парламент отырысы кезінде, сенатор Сергей Ершов  жемқорлық деңгейі өте төмен Грузияны мысалға келтірген. Бұған Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов:

«Біз Грузияға бардық. Бір емес, бірнеше рет бардық. Комиссия ретінде бардық, барлық қызметтен. Олар не істеді? Олар барлық қызметкерлерді жұмыстан шығарып жіберді. Жалақыны екі есе көбейтті де, жүйені қайта құрды. Өтініш. Біз бұған баруға дайынбыз», -деп жауап берді.

Оған қоса, министр полиция қызметкерлерін қажетті жарақтармен қамтамасыз ету керектігін айтып өтті.

«Бәрінің Германия, Америкадағыдай полиция жасаңдар дейтіні түсінікті. Біз бұл тәжірибені де зерттедік. Меніңше, Германиядағыдай жалақы мен керекті құралдармен жасақтасақ, біз де осы нәтижеге жетер едік», -дейді ол.

Қасымовтың пікірінше, күштік құрылымдардағы жемқорлықтың басты себебі полицейлердің әлеуметтік мәселелері болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір