• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:38:22
Алматы
+35°

22 Қазан, 2016 NEWS

Ләйлә Сұлтанқызы: Трансвиститті эфирге шығару үшін редакторлар ақша төлеуге дейін барды

Ұлттық арна эфирден жынысын өзгерткен ер адамды шақыру үшін оған ақша төлеген,- деп хабарлайды

Ұлттық арна эфирден жынысын өзгерткен ер адамды шақыру үшін оған ақша төлеген,- деп хабарлайды Qamshy.kz  Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Жақында Ләйла Сұлтанқызы блогер  Эльвира Ергалинаға сұхбат беріп, бағдарламаның тағы бір сырымен бөлісті.

Ләйла Сұлтанқызы трансвиститті эфирге шығарудың нақты бір көздеген мақсаты болмағанын, тек осы күні қоғамда бар біржыныстылармен бірге күресу керек екенін,  бірге күрессек  жеңе аламыз дегенді айтқымыз келді деп түсіндірді.

Сонымен қатар, эфирге, халық алдына көп шыға бермейтін мұндай жігіттермен бағдарлама редакторлары ұзақ жұмыс жасағанын, соңында эфирге шығару үшін ақша төлеуге дейін барған.

Қанша ақша төлегенін жасырған жүргізуші бұл сұрақты жоба жетекшісі Нариман  Қойшыбаевқа немесе продюсері Асыл Алшуринаға қою керектігін айтады.

Еске салсақ, бір айға жуық уақыт бұрын «Қазақстан» ұлттық арнасы  «Әйел бақыты» бағдарламасына ЛГБТ өкілін шақырған. Ұлттық арнаның төрінен трансвистит жігітке орын бергені үшін бағдарлама жүргізушісі Ләйла Сұлтанқызының басы дауға қалған болатын.

Әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсіп, «Қазақстан» ұлттық арнасына біраз сын айтылған еді.  Тіпті атышулы журналист Ардабек Солдатбай «Қазақстан» ұлттық арнасының сол кездегі басшысы Нұржан Жалауқызынан Ләйла Сұлтанқызын жұмыстан шығаруды талап етті.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір