• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:59:41
Алматы
+35°

22 Қазан, 2016 Әлеумет

Қазақстанда салафиттер неге ештеңеден қорықпайды?

"Хазірет Сұлтан" мешітінің имамы Асқар Мұқанов дәстүрлі дін мен салафизм арасындағы айырмашылық туралы 

"Хазірет Сұлтан" мешітінің имамы Асқар Мұқанов дәстүрлі дін мен салафизм арасындағы айырмашылық туралы today.kz сайтына сұхбат берген еді. Берер ақпараты мол сұхбатты qamshy.kz порталы қазақ тіліне аударып, назарларыңызға ұсынуды жөн деп тапты.

"Қазақстандағы мұсылмандар көпшілік мақұлдаған шариғат заңдарын ғасырлар бойы ұстанып келеді. Негізі Ислам дінінде 4 мазһаб бар, олар: Әбу Ханифа, Малики, Ханбали және Шафиги. Бұл бүкіл әлем мұсылмандары ұстанатын дәстүрлі 4 жол. Ата-бабамыз "қазақ" деп атанбай тұрып Әбу Ханифа мазһабын ұстанған. Төртеуі де жалпы бір дүние. Айырмашылығы дәстүрде, менталитетте, дәстүрлі дәрет алу рәсімі мен климатта. Аздаған айырмашылықтардың пайда болуының тағы бір себебі Ислам миссионерлерінің Пайғамбардың қасында әртүрлі уақыт (біреуі 23-25 жыл, біреуі 5 жыл, біреуі 3 жыл, біреуі бірақ рет көзбе-көз көрген) жүруі. Олар бар көрген-білгенін халыққа жеткізді. Халық дінді қабылдады. Сонымен қатар шын мұсылман діннің сенім негіздері деп аталатын негіздеріне иман етеді. Мұның барлығы тұтас Орталық Азия ұстанатын үлкен мектеп" дейді Асқар Мұқанов.

Салафизм келгенде "Хазірет Сұлтан" мешітінің имамы салафизм мемлекетке қарсы шығушы оппозициялық қозғалыстың негізінде пайда болғанын ерекше атап өтті. "Бүгінгі таңда бұл ағым бірқатар араб елдерінде мойындалған. Алайда ол дәстүрлі Ислам дініне қайшы келеді. Ашығын айтқанда, дін жайлы түсінік өзгешелеу. Бұл дәстүрлі дін мен салафизмнің бірінші айырмашылығы.

Екінші айырмашылық – дәстүрді сақтау мәселесінде. Шариғаттың негізгі заңдылықтарының бірі – дінімізге қарсы келмейтін, басқа дінге ұқсамайтын дәстүрлерді ұстану мүмкіндігі. Салафизмге келетін болсақ, оларда "дәстүр" деген түсінік мүлде жоқ. Сондықтан домбыра тартпайды, қайтыс болған марқұмның жетісін өткізіп, қырқын жасамайды, Тағы бір айқын айырмашылық –  салафизмнің үндеуінде. Олар діннің мемлекеттік өкілдері имамдарға қарсы шығуға шақырады. Салафиттердің ойынша имамдар дінді бұрмалап отыр. Сол себепті салафизмнің жетекші өкілдері имамның сөзіне құлақ аспауға, олармен араласпауға, кітаптарын оқымауға, намаз оқу кезінде құлақты жабуға, құлаққа құлаққап киюге "құқылы". Біздің атқарып жатқан бар ісіміз – Әбу Ханифа намазының үлгісіне сай болса, салафиттер "Бір болыңдар!" деген Ислам ережесіне қарамастан бәрін теріс жасайды" дейді имам.

Асқар Мұқановтың ойынша, діннің дәстүрлі емес ағымдарын ұстанушылар көбінесе діни сауаттылығы жоқ адамдар.  Имам: "Салафизмге тыйым салатын заңның елде болмауы олардың санын арттыруда. Бала тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлмеуіміздің де, материалдық құндылықтарды көбірек назарға алуымыздың да кесірінен өскелең ұрпақта дін жайлы дұрыс түсінік қалыптаспауда. Оған әсер ететін ғаламтор деген күш тағы бар. Мың километр қашық жерден отырып-ақ адамды алдап-арбап, ойын өзгертіп, санасын улауға болады. Қазақстанда салафизмге тыйым салатын заңнаманың болмау себебінен салафиттер елімізде өздерін еркін сезінеді. Ештеңеден қорықпайды, жасқанбайды. Бұл салафизм ағымын бірнеше жыл зерттеп, салафиттерді әңгіме тарту барысында байқағаным" дейді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір