• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:48:46
Алматы
+35°

22 Қазан, 2016 Фото-баян

2016-2017 Күз-қыс мезгіліне арналған сәнді сырт киімдер

 Сәнді сырт киімдер әйелдер үшін ең маңызды элемент болып табылады. Күз бен қыс — пальто, тон, плащтардың маусымы. Күн суытып, қар түскен салқын...

 Сәнді сырт киімдер әйелдер үшін ең маңызды элемент болып табылады. Күз бен қыс — пальто, тон, плащтардың маусымы. Күн суытып, қар түскен салқын мезгіл жақындағандықтан жаңа маусымның жап-жаңа трендтерін сіздерге ұсынуды жөн көрдік!

Сәнді кейп. Пончо стиліндегі пальто, плащ, жамылғыштар – ескі дәстүрді заманауи үлгіде жаңартатын сырт киімнің бір түрі болып табылады. Сонымен қатар кейптер пішініңіздегі кемшіліктері жасырып, оны керісінше әдемі етіп көрсетеді.

Халат тәріздес пальто. Кимоно дизайнерлерді сәнді халат, көйлек тәріздес қатпарлы сырт киімдерді шығаруға шабыт берді. Сондықтан түйме, белдік, ілгек сиқты элементтер осы маусымдағы пальтолардың одан әрі сәндірек көрінетініне үлесін қосады.

Ашық түстегі тондар. Салқын мезгілдегі қалыпты болып қалған сұр түстерден айрылудың бір түрі. Егер көңіліңіздің көтеріліп жүргенін қаласаңыз сырт келбетіңізден бастаңыз.

Өрнектелген пальтолар. Егер бірсарынды түстегі сырт киімді кигіңіз келмесе, топта бірден көзге түсуді қаласаңыз төмендегідей ерекше фасондағы өрнектелген, әртүрлі қызықты суреттермен өзгешеленген пальтоларды таңдаңыз.

Лакталған плащ. Дизайнерлер күміс және алтын түстерді осы маусымның басты тренді деп таныды. Ал егер сіз қарапайым нұсқаны қаласаңыз лак немесе винил материалдардан құралған пальтоны таңдағаныңыз абзал.

Хаки түсіндегі сырт киімдер. Хаки түсі биылғы жылдың басты трендіне айналды. Бұл түсте көйлектер, белдемшелер, күртелерді таба аласыз.

 

Милитари стилі. Милитари стилі жылдан жылға жанданып, әртүрлі фасондарға ие болып келе жатыр. Милитари стиліне көбіне әмбебаптық тән.

Классикалық элегантты пальто. Пальтоның классикалық бұл түрі- мәңгі трендте. Себебі, бұл сырт киімді спорттық үлгі үшін де, кешкі кездесуге де киіп бара аласыз. Ең бастысы қарапайымдылық пен сәнділік бір сарынға тоғысқан.

 

Тренч. Ескі тренч стилі қайта оралғанымен, оның нақты үлгісі заманауи үлгіге еніп кеткендей. Жаңа тренчті таңдап, жаңа сәнге бой бұрыңыз.

Материал Ikerim.kz сайтынан алынды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір