• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:05:59
Алматы
+35°

22 Қазан, 2016 NEWS

Ақышев: Ұлттық банктің алтын валюта резервтері $31,4 миллиард

«Теңгенің еркін айырбас бағамы саясаты валюталық қорымызды сақтап қалып қана қоймай, қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Қыркүйек айы бойынша, Ұлттық...

«Теңгенің еркін айырбас бағамы саясаты валюталық қорымызды сақтап қалып қана қоймай, қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Қыркүйек айы бойынша, Ұлттық банктің алтынвалюталық қоры 2,9%-ке өсіп, $31,4 миллиардты құрады». Ұлттық банк төрағасы бұл туралы ШҚО өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлім еткен.

https://strategy2050.kz/crealog_new/new_files/media/px.gifСондай-ақ, бас банкирдің сөзінше, Ұлттық қордың валюталық активтері қыркүйек қортындысы бойынша $64.4 миллиардты құрады. Елдің халықаралық резерві болса, сатып алулар бойынша $95.8 миллиардқа жетті.

«Қаржы нарығындағы бақылаудағы жағдайдың экономикалық оң әсері бізге Қазан айының басында базалық ставканы 12,5%-ға түсіруге ықпалы етті. Жақын уақытта экономикалық ауытқулар бола қоймады», - деп толықтырған ол өз сөзін.

Ұлттық банк басшысы Өскеменге халықаралық  «Алтай Invest-2016» инвестициялық  форумына қатысу үшін барған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір