• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:52:49
Алматы
+35°

22 Қазан, 2016 Саясат

Министр келмей қойған жиында зиялылар «Үштұғырлы тіл саясатын» сынады (Видео)

Бүгін, «Жас Алаш» пен «Трибуна» газеттері бірлесіп, Алматыдағы «Астана» қонақ үйінде, «Үштұғырлы тіл саясаты»...

Бүгін, «Жас Алаш» пен «Трибуна» газеттері бірлесіп, Алматыдағы «Астана» қонақ үйінде, «Үштұғырлы тіл саясаты» мен басқа да қоғамдық проблемаларға қатысты қоғамдық жиын өткізді. «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай мен «Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат Мамай тарапынан өткізілген жиынға зиялы қауым өкілдері,  ақын-жазушылар мен бір топ ұлт жанашырлары қатысты. Олардың арасында саясаткер ақсақал Серікболсын Әбділдин, жазушы Қабдеш Жұмәділов, Мекемтас Мырзахметов, ақын Мұхтар Шаханов, Темірхан Медетбеков, саясаткер Дос Көшім және Қанағат Жүкешов, Мырзан Кенжебай сияқты азаматтар бар.

Жиынға сондай-ақ Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев арнаулы шақырылған. Алайда, ол, жиынға келмеді. Жиынға келмеу себебін бір күн қалғанда, министрліктің баспасөз хатшсы, Сәрсенбайұлы мен Мамайдың атына арнаулы хат жазып, қызметтік қарбалстығымен түсіндірді. Бірақ, жиынның өтуін қолдайтынын жеткізген.

Қоғамдық тыңдауға келгендер «Үштұғырлы тіл» саясатына бір ауыздан қарсылығын білдіріп, өз көзқарастарымен бөлісті. Жиын барысында Тіл мәселесі ғана көтерілген жоқ. Жер мәселесі бойынша сотқа тартылып жатқан белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның мәселесі де көтерілді. Олардың қамуда отыруы жер мәселесінің түбегейлі шешім таппағанының нәтижесі екені айтылды. Сөз алған Жанболат Мамай, «олар жуық арада ақталып шықпаса, 16 желтоқсанға қарай «халық қаһарманы» деп атайық, халық атынан марапаттайық!» деді. Бұл пікір де бір ауыздан қолдауға ие болды.

Жиынға қатысушылар отырыс соңында арнаулы қарар қабылдады. Қарар мәтінін жақын уақытта «Қамшы» порталынан оқи алатын боласыздар!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір