• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:46:36
+35°

22 Қазан, 2016 Оқиғалар

ЕДІЛ (АТТИЛА) ҚАҒАННЫҢ РУЫ КІМ?

«Ру шежіресін білу – сахара төсінде көшіп-қонған қазақтар үшін өмірлік қажеттілік. Қазақ халқының ру-тайпалық, жүздік-қауымдастық біртұтас бітімі...

«Ру шежіресін білу – сахара төсінде көшіп-қонған қазақтар үшін өмірлік қажеттілік. Қазақ халқының ру-тайпалық, жүздік-қауымдастық біртұтас бітімі ғасырлар бойы «бүкіл қазақ – бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы» деген ұстаным бойынша өсіп-өркендеп отырған»  (Қазақ Республикасының Президенті Назарбай Нұрсұлтан Әбішұлы).

         «Атасы алыс болғанмен

Жамиғи қазақ бір туған»

(Базар жырау. (1842-1911).  

 Қазіргі Кеңестік большевизмнің мектебінен тәрбие алып, санасы сансыраған «білгіштер» аузын ашса болды руды жамандап шыға келеді. Руды ауызға алуды, руға бөлінушілік деп, қазақтың рулық шежіресін  білетіндерді ел арасына жік салады деп күстаналайды. Қазақтың Рулық шежіресінің тарихын зерттеп, бұл тақырыпқа қалам тартқан адамдарды ашықтан-ашық қаралап «халық жауы» деп атайды. Мысалы, менің «Абай КЗ» сайтындағы «Парсы тарихы өз бастауын Маңғыстаудан алады» деген мақалама пікір жазған  Бекжан деген азамат «рушыл Қожырбайтегін қолдап отырған Абай.кз сайты басшылары да ҚАЗАҚТЫҢ ЖАУЛАРЫ» деп жазыпты (#98 Бекжан дн, 11/01/2016 - 13:35).

  Енді міне солардың қатарына ««Қазақ үні» ұлттық порталы» да қосылып мені ел арасына жік салып араздықты қоздырушы «трайбалист-тарихшы» деп, қазақ та бұрын болмаған шетелдік жаңа «атақ» силапты. Қара:  «Трайбалист-тарихшы қазақ та, қазақ өнері де Адайлардан тараған деп мәлімдеуде» (http://www.qazaquni.kz/2016/07/06/54694.html#comment-83482).

Осы мақаламды Сіздерге, яғни,  «Ру» деген сөзді жау көретіндерге жауап ретінде жолдап отырмын. Менің мақсатым - өз қандас-бауырларымның арасынан жау іздеу емес, керісінше, барлық қандастардың басын қосу. Ұлы аталарымыз да осылай жасаған. Қазақ халқы сан мыңдаған жылдардан бері осы рулық жүйені сақтағандықтан ғана бүгінгі күнге жетіп отыр. Әйтпесе, қазақ шежірелерінде айтылатындай адам-адам болғалы бергі 70 000 мың жыл ішінде қаншама ел, қаншама ұлт дүниге келіп, қаншама ел мен ұлт жойылып кетті. Жоғарыда Елбасымыз бен Базар жырау айтқандай, Ру елді бөлмейді. Керісінше біріктіреді. Себебі, қазақ елінің өзі бірінің ішінен бірі шыққан рулардан (аталардан) тұрады. Осыған сәйкес, ежелгі Қазақтың Ата салтын да бейтаныс қазақтар бірінші кездескенде, амандасқаннан кейінгі әңгіме «Ру сұрасудан» басталған. Ру сұрасқан қазақ міндетті түрде қандас-бауыр, нағашы-жиен, құда-жекжат, қарын бөле, туыс болып шыға келеді. Бұл қағида күні бүгінде де қолданылады. Осы қағида бойынша жақын тумаластар арасында қыз алыспайтын, қан тазалығы сақталады.

 Ел-жұртқа көсемсөз арнайтын БАҚ-тар мен азаматтардың ішіндегі өз қандастарына (қазақтарға) арнап «трайбалист», «халық жауы» деген терминдерді қолданатындарға айтарым: Бұл сөздерден 1937 жылдардағы қазақтың барлық зиялы қауым өкілдерін «ұлтшыл-фашист» деп айыптаған  Кеңестік (еврейлік) большевизм «үштігі» саясатының иісі шығатынын біле жүргеніміз абзал.

Ал, «Ру» деген сөзге қысқаша түсінік берер болсам, Ру - Ата деген сөз. Ру мен Ата синоним. Қазақтың «Руың кім?» дегені, сенің «Ұрпағына үлгі болған, ел танитын ең ұлы Атаңның аты кім?» дегені. Қазақта ру атын иемдену ең жоғарғы дәреже. Әңгіменің қысқасы, қазақтың руын (атасын) жамандап, рулық шежірені қазіргі ұрпаққа жау қылып көрсету, жеңілдетіп айтқанда достың ісі емес.

 Дәлел ме? Тыңдап көріңіз,  Ру (Ата) деген сөздің қандай өміршең екендігін.       

ЕДІЛ ҚАҒАН. Күн қағаны Еділ (410-454) Азия мен Европаға билігін жүргізген. Европаның Рим империясы құлдығынан босауына себепкер болған аса көрнекті тарихы тұлға. «Қазіргі заманның ғылымдарында Атилла есімінің этимологиясы туралы бірнеше болжам бар. Еділді Еуропа тарихшылары «Атыра», «Аттила», «Атыл», «Аттылы», «Этцель», «Этли» деп те атайды. Аттила (Этцель) есiмi уақыт өте келе пайда болған лингвистикалық өзгерiстерге қарамастан орта ғасырлардан берГермания топонимикасында сақталған. Мысалы, «Hetzelistal» («Hetzelinstall») атауының сөзбе-сөз аудармасы «Этцел даласы», бұл Оффенбург жерiнде, сонымен қатар «Hetzelhof» («Etzelhof»), «Atzelhof» («Этцел ауласы»), Гейдельбергте, Atzelbach («Этцель бұлағы») Оттенхефенде, «Attlisberg» («Аттли тауы»).

       Көптеген басқа да ғұн есімдері сияқты Аттила есімінің түпнұсқасы түркі тілдерінен алынған деген де болжам бар (atta/ata - әке, el/il - ел, өлке).

      Тағы бір болжам бойынша, Аттила есімі Еділ Хазар тілінде Еділ өзені атауынан алынған (Attil/Atil/Atel/Atal).

      «Аттила» есiмi қазiр түркi тектес халықтарда (қазақша — «Едiл») кең тараған» (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).

Еділ патшаның жоғарыда көрсетілген есімдерінің бәрі дұрыс. Бұлардың бәрі синоним сөздер. Мысалы, «Атыра»-дан бүгінгі Атырауды, яғни Еділ патшаның негізгі мекені болған Каспий мен Арал аймағын,  «Аттила», «Атыл», «Аттылы» деген есімдерден Еділдің ежелгі «Адтардың» ұрпағы және олардың ең алғашқы жабайы құланды қолға үйреткен, яғни Ат мінген елден екенін көреміз. Мұны аталарымыз «Адтың орнын Дай басар, Аттың орнын тай басар» деп тұжырымдаған. Ал, «Этцель (Еділ қала)» мен «Этли (Еділ елі)» Еділ атамыздың есімінің таза қазақи есім екенін білдіріп тұр. Алыс Алманияда Еділ қаған тұрған қаланың «Еділ қала» атануынан олардың Қазақты және оның даңқты ұлы Еділ қағанды қаншалықты құрмет тұтатынын айқын аңғарамыз.     

«Еділ патшаға Францияда ескерткіш тұрғызылды. Ескерткіш 2011 жылдың 7 қарашасында Францияның Каталауын деген елді-мекеніне қарайтын Шампан деген ауылда бой көтеріпті. Менің Еуропа сапарынан байқағаным, осыдан  1550 жыл бұрын өмір сүрсе де, ондағы халық Аттиланы тануға ерекше ықыласты көрінді. Францияның тарихшылары Аттиланың жетінші атасы Ғұн патшаның Тараз қаласын салдырғаны туралы деректі тауыпты. Аттиланың Алтай тауларынан, Сарыарқа даласынан келгені туралы тарихи деректерді де анықтапты.

Еуропада 3 маусымды «Аттила күні» деп қабылдапты. Себебі ол Еуропадағы 9 мемлекетке тауелсіздік әперген тарихи тұлға. Олар бабамыздың сол еңбегін бағалап отыр. Сондай-ақ Еуропада Аттиланың атымен аталатын қырық шақты қала, елді мекен, тау өзендер сақталыпты.

       Француз жазбаларында Фрескі деген елші Аттила туралы былай жазып қалдырған екен: «Аттила бізге келіп, елшілерімізді көшпенді дәстүрі, дала заңы бойынша жаздық шатырында қабылдады. Оның киім киісінен бастап, бүкіл болмысы, тұрмысының қарапайым жан екенін байқадым. Қыздары шошақ төбелі бас киім, ұзын етік, құлақтарына сырға-салпыншақ тағыныпты. Қолбасшыларының бәрі алтын-күміс тостағандармен, ал Аттила өзі ағаш тостағанмен қымыз ішіп отырды. Оның қарапайымдылығын осыдан байқадым. Көшпендіні жабайы халық деп түсінетін еуропалықтарға Аттила соғыс тәсілін, мәдениетті үйретті. Мен ондай мәдениетті, дарынды, ақылды қолбасшы көрмеппін. Оның әскери дарындылығы бізден бір бас биік тұрды, негізі ол кезде Рим әскері бүкіл әлемге танымал еді. Ол біздің әскери салаға жүздік, мыңдық, он мыңдық, жүз мыңдық атауды кіргізді», - деп жазыпты (Бұл осы ескерткіштің ашылу салтанатына елімізден арнайы барған делегацияның құрамында болған «Ұлы Дала» қоғамдық қозғалысының ұйымдастырушысы Ғабиден Жекеевтің естелігінен алынған үзінді. «Д» №27(155) 27.06.2012).

Өзіміздің  әдеби жырларымызда ол бірде батыр, бірде жомарт, бірде би, данагөй, ел бастаған көсем, қатал қолбасшы, соңында тұтас елді артынан ерте алған тектінің ұрпағы екендігі және оның өте әділетті болғандығы айтылады. Атилла туралы аңыздар барлық түркі тектес халықтарға ортақ тарихи, әдеби мұра. Қазақтың көне аңыздарында жырланған Аттила бейнесі қазақтың шежіре-тарихы, әдебиеті, мәдениетінде өзіндік алар орны ерекше тұлға.

Шәкәрім Құдайбердіұлы Атамыз Атилланың қайраткерлік, қолбасшылық ерен ерлік істерін былайша суреттеген: «Айтайын Әтелланың қылған ісін,

Сиқыр дер ойлаған жұрт қайрат-күшін.

Азияны түгел билеп, Еуропаның,

Көбі ауған Әтелладан қорыққаны үшін.

Әтелла Мұнжық ханның баласы еді,

Басы үлкен, кеудесі кең, аласа еді.

Мың бес жүз жылдай болды өлгеніне,

Оның да қылған ісі тамаша еді.

Қайтемін айта беріп алған жерін,

Атаңның ойға түсір сондай ерін!..

Қор болып осы күні отырсаң да,

Қозғалсын өткенді ойлап іште шерің!..» деп Атилланы қазақтың және өзінің тікелей атасы екенін айдан да анық етіп жырға қосып отыр.

Тура осындай деректі, яғни Еділ қағанның тегі қазақ, оның «нәсілінің нұрдан жаралғандығын» Адай – Тобыштың - Зорбайы Бәйімбет Телеуұлы «Замананың құлқына» атты жырында:

«Ертеде өткен ерлерден

Ноғайлының Едіге,

Шыңғыстың өткен заманы

Асылы нұрдан жаралған,

Таймаған жолдан табаны» деп жырлаған.

Атилла жайында тарихшы-ғалым Ғ.Меңдібаев: «Атилла  (Еділ патша) – тарихи тұлға. Әскери қолбасшы, қоғам қайраткері, көшпелі және отырықшы мемлекет арасындағы рухани, мәдени, сауда дипломатиясын жүзеге асырған билеуші. Оның іс-әрекетінен салт-дәстүрді қатаң ұстанған, сондай-ақ өзі басқарып отырған халқының әдет-ғұрпы мен мәдениетін, тілін т.б. жоғары бағалаған билеушінің бейнесін көреміз», – деп оның қайраткерлігі, ұйымдастырушылық шеберлігі мен қарым-қабілетіне айрықша баға береді.

 «Ұлы дала  мемлекеттері» деп аталатын кітапта Атилланы жомарт, адамгершілік қасиеті жоғары жан деп суреттеген. Оны тіпті ғұндар ғана емес, қол астындағы халықтардың барлығы да жақсы көрген. Бұның барлығы Атилланы «қанішер, жабайы көшпенді, ойран салушы, басқыншы» ретінде санағандардың пікірі жалған екендігін растайды. Атилланың мына бір сөздерінен оның жорықтарының негізгі мәнін түсінуге болады: «Ғұндар! Азаматтың ақ өлімі – борышын адал атқарғаны. Қызыл қаныңды ақ жолда төкпесең, еңсеңді бастырып, езгіде жүрсең, ер атыңнан не пайда? Өр кеудені аяққа бастырып, өз құтын өзі қашырып сасқан адам санатта жоқ. Басыңды бұғып, бұқпалап көрген күнің кімге өнеге, кімге болар ғибрат?».

Еділ патшаның өмірі мен қайраткерлік болмысы жайында көлемді зерттеу жазған белгілі ғалым Ж.Дәдебаев: «Нибелунгтар туралы жырда» Атилланың адалдығы мен азаматтығы, ақылдылығы мен батырлығы кең көрініс тапқан…», – дей келе, аталмыш жыр жолына арқау болған Еділдің болмысын көрсететін жыр жолдарынан үзінді келтіреді:

Этцел даңқын асырды,

Сарайына ағылып бар әлемнің батыры.

Бәріне де, қарамастан құдайына, дініне,

Жомарт болды ол, ашық-жарқын, сыпайы…

Аттила ғұндарды бастап, Рим империясына жетіп, біраз қалаларын өздеріне бағындырды. Рим қаласының қасына келіп, бейбіт түрде жеңіс туын желбіреткен Атилла Рим астанасына келгенде кенеттен қайтыс болады. Аттила өлгенімен, оның қолбасшылық, ұйымдастырушылық, стратегтік саясатын оның ізбасарлары одан әрі жалғастырды. Осының нәтижесінде Еуропада адамзат тарихындағы бетбұрысты кезең орын алған еді.

Ғұн империясының әйгілі билеушісі Атилланың дипломатиялық шеберлігі ерекше сөз етуге тұратын жағдай. Ол аса ірі саясаткер, тамаша дипломат, мәмілегер. Атилла көптеген мәселелерді келіссөздер арқылы шешіп отырған. Оның тарихта алатын орнын, мәмлегерлік талантын айрықша бағалауға болады». (Еркін Ғалымов (http://turkystan.kz/)).

Тарих тағлымы: Бүткіл жер бетінде Қазақ қағандарынан асқан әділетті билік иелері ешқашан болып көрген емес.

Ежелгі шежіре-дастандарға, өзге де тарихи зерттеулерге, Қаз Адайдың әйгілі биі Алшын Меңдалыұлының «Адай шежіресіне», өз Атам мен Анамның естеліктеріне, қазақтың рулық шежіресіне және Ыбырайым Құлыбайұлының  «Қараш тегі» дастанына сүйене отырып сараласақ, Еділ қағанның тегі таза Қазақ екенін көреміз.  

Еділ қағанның ата-тегі Қазақ  – Бекарыс  (Кіші Жүз) – Он екі Ата Байұлы – Адай – Келімберді – Тобыш  болып таратылады (Қаз Адайдың рулық шежіресінен).          

 «Тобыш өскен ауыл, Тобыштан – Ораз, Бегей. Ораздан – Жайық, Алып. Жайықтан - Әлменбет. Әлменбеттен – Табынай, Зорбай, Шоңай, Баубек, Теке. Бұлар ел арасында Бес Әлменбет аталады.

      ...Табынайдан – Арыстанбай, Дауылбай, Табылды.

      ...Зорбайдан – Тоқабай, Жаңай, Төлеке, Өтеғұл, Құлбаласы. Бұлар ел арасында Бес Зорбай аталған.

      ...Жаңай өскен ауыл.  Одан Әлі, Тасым, Рысбай, Тоян, Қожаназар, Көтен.

      ...Қожаназар өскен ауыл, өзі ел арасында абыройлы, ақылды кісілердің бірі болған. Қожаназардан – Сәркен, Шомақ, Таған, Түнқатар, Шонты, Қошан, Есберді.

      ...Төлекеден – Қамысбай, Қаржау, Дорал, Күмісбай.

      ...Шоңайдан – Бөгембай, Тоқсанбай, Боқай.

      ...Баубек – Бөрібай, Малтабар, Құлшығай, Тайсары, Жарас, Құдас.

      ...Қожа. Қожаның аты – Назар, содан Шалмалы және Қоңыр үйлі тараған. Қоңыр үйлі Қожадан – Кілен, Мұрын. Кіленнен – Андықожа, Айтқожа. Андықожадан – Қоңырбай, Малғара, Матай. Матайдан – Дербісәлі, Өтеміс, одан – Байболды. Қоңырбайдан – Үпік, Жайық, Қырдасын, Әбек. Малғарадан – Ізбасар, Жабағы, Айтуар, Күнтуар, Елеу.

...Шегем. Алыптан Шегем болады. Шегемнен – Бабық, Сырлыбай, Жаубасар, Ожау, Қараш.

...Қараш. Қараш өскен ауыл. Қараштан – Елтөзер, Өтеп, Жәдік (Балуан Қараш аталады) (Маңғыстау энциклопедиясы. Алматы, 1997, 203-204 беттер).

 «Тобыштың екі әйелінен үш баласы болған: Ораз, Бегей, Көпес. Ораздан: Шегем мен Жайық,    Бегейден Қадірқұл, Көпестен Еділ туған. Көпес 32 жасында дүние салады.  Еділ 11 жасында жетім қалып, Бегейдің тәрбиесінде өседі. 19 жасында Тама Нұрмағанбеттің қызы Айбаршаны айттырып, қалың беріп Шегем үйлендіреді. Айбарша келін болып Шегемнің қолына түседі. Сол үйленген жылы Еділ ағасы Бегеймен ел шетіне тиген жау қалмаққа аттанады. Арадан біраз уақыт өткесін Бегей батыр жауды жеңіп, інісі Еділден айрылып ауылға қайтып келеді.

«Сегіз арыс Адайдың

Біреуі Тобыш белгілі,

Сән-салтанат жағынан

 Болмаған ешбір кемдігі.

...Қай жағынан алсақ та

Басынан бағы таймаған.

...Тобыштың үш баласы,

Ораз, Бегей, Көпес-ті,

Ерлігімен үшеуі

Болыпты елдің панасы.

Ораз асқан ақылды

Бегей сірә батыр – ды,

Көпесте болды батыл – ды,

Заманында олардың

Жаугершілік көп еді.

Бегей батыр бас болып

Қорғаған жаудан көп елді,

Ораздан Жайық, Шегем – ді,

Бегейден туған Қадірқұл,

Көпестің ұлы ер Еділ,   

Заманында олардың

Орындалған дегені.

Сол себепті оларды

 «Үш тобыш» дейтін өз елі,

...Үш Тобыштың кенжесі

Көпес ердің ақтығы

Қарашты айтып берейін

Он бірге Еділ толғанда

Көпес деген бабамыз

Өткен екен дүниеден.

Содан былай ер Бегей

Көпестің ұлы Еділді

Тәрбие беріп жасынан

Үйретіп өнер нелерді

Ептілікке баулыды

Топқа салды жасынан.

Сегіз қырлы, бір сырлы      

Осылай өсті жас ұлан...» (Жыр-дария. «Қараш тегі» 394 бет). Осылайша, Бегей атамыздың аты тек қана Ер (батыр) болғанымен емес, Еділ патшаға ұлы ұстаз болғандығымен де шыққан. Жырда ары қарай Еділ патшаның ұрпақтары Қараштар жайлы айтылады.

        Жырдың авторы  Маңғыстаулық Ыбырайым ахун Құлыбайұлы (1886-1982). Тарихат (сопылық ілім) жолын ұстанған  Ислам дінінің ұлы ғұлама, шежірешісі. Ата-тегі:  Адай – Келімберді – Тобыш – Көпес — Еділ – Қараш болып таратылады. Бұл біздің әңгімемізге арқау болып отырған әйгілі Еділ (Аттила) патшаның тікелей ұрпағы. Бұл әулеттен (Тобыштардан) Еділ патшадан да басқа бүкіл әлемді билеген Алып Ер Тобыш (лақап аты Афрасиаб, бұдан 2700 жылдар бұрын Баласағұн қаласын салдырған, бүгінгі Европадағы Алып (Альпі) тауы сол аталарымыздың атынан қалған), әйгілі Оғыз (Өгіз) қаған, әйгілі Орақ батыр, Ер Мамай (бүгінгі Ресей жеріндегі Мамай қорғаны сол атамыздың атынан қалған), Қарасай, Қази атты қос батырлар (бұлардың бәрі қазақтың «Батырлар жырының» басты кейіпкерлері), парсының Кир патшасының жаулаушы әскерін  талқандап, патшасының басын қан толған торсыққа салып «аңсағаның қан болса іш керегіңше деп қақпаға ілген» Тұмар ханым (Томирис), қазақтың ұлы дін ғұламасы Қожа Ахмет Иассауи, қой мен қойшының пірі Шопан Ата т.б. шыққан.

 

       «Тектіден текті туады» деп Атам Қазақ бекер айтпаған. Адайдың әйгілі биі Алшын Меңдалыұлы мен заманымыздың заңғар жазушысы және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтарда осы Тобыш Ата ұрпақтары болып табылады.

«...Сол Еділ дүниені тітіреткен қолбасшының бірі болған. Аз жылдың ішінде Еуропаның ортасын ойып, ірі мемлекет құрды. Заманында көрген адамдардың сипаттауынша, сырт пішіні еуропалықтарға оғаш көрінсе керек: тапал бойлы, құрыш денелі, қара торы, қысық көз, тәмпіш мұрын, көсе, түсі суық, айбарлы. ...өр көкірек, тәкаппар, айбатты, аса айлакер, өз тумаларына ғана емес, жауына да әділетті басшы болды, сондықтан да бұратана халықтар да оған өз ырқымен бағынды».

Бұл – еуропалықтардың пікірі, Ф.А.Брокгауз бен И.А.Ефронның «Энциклопедиялық лұғатынан» алып отырмын деп жазыпты Б.Қ.Албани өзінің «Қазақия» атты кітабында. Алматы 1998. (23 бет).

Осы Тобыштардың ұрпақтарынан, яғни Еділ қағанның  арғы аталарынан ежелгі тарихтағы әйгілілерінің бірі Алып Ер Тобыш болып табылады.

Тобыш – Ораздың ұрпағы Алып Ер Тобыш (парсы жазба деректерінде Афрасияб, «авесталық» есімі «Франграсиан», кейбір деректерде Алып ер Тоба, Алып ер Тона, Алып ер Тоңа, Алып ер Тонға,  Алып ер Тұнға) жайлы Махмуд Қашқари деректі бірнеше тарихи новеллалардан тұратын «Түркі үстеулерінің сөздігі» деген белгілі еңбегінде төмендегідей дерек береді. «Қазойынның төңірегінде Афрасиябтың қызы Қаз Фаранқыз аң аулаған Құм бекініс бар. Афрасияб Мары қаласын тұрғызған. Қазіргі Жарыкент қаласының түбінде Дизраин немесе Мыс қамалының қалдықтары сақталған. М. Қашқаридің айтуынша Қаз Фаранқыздың жұбайы Сияуыш осында өлтірілген». (Қазақстан тарихы 1 том. 65 бет).

 

Евроцентристік танымдағы ғалымдар саналы түрде тұмшалаған скифтер, сақтар туралы тарихи зерттеулер кереғар болып келе жатқаны да шындық. Мурат Аджи Ресей тарихшыларының скифтер мен сақтар туралы тарихи шындықтардың бетіп ашпауға тырысып отырған дүмбілез қалпын дәлелді де нанымды түрде сынға алды. Міне, осы құбылыстарды ескере отырып, біздің жыл санауымызға дейінгі Ү11 ғасырда түрік тайпаларын біріктіріп, ұлы Тұран өлкесінде құрылған ұлы қағандық хақында сөз еткіміз келеді. Бұлар туралы тарихи жазба дерек көздері зороастризм дінінің қасиетті кітабы «Авестада» баяндалған. Тұранның ұлы қағаны Алып Ер Тоңа «Авестада» Афрасиаб атымен беріліп отырады. («Авеста». Тегеран, 1991, 1-2 том).

 

«Алып Ер Тоңа немесе Афрасиаб Тұран жерінен шыққан ұлы тарихи тұлға екенін бүкіл әлем жұртшылығы мойындайды.

       Афрасиаб «Авестада» да тарихи тұлға әрі мифологиялық кейіпкер ретінде танылады. Бірақ біздер Алып Ер Тоңаның тарихтағы Афрасиаб қаған екендігін, ал Афрасиабтың өзі Алып Ер Тоңа екенін көпке дейін ажырата алмай келдік емес пе? Қашан Жүсіп Баласағұнның «Құтатғу білігін» оқығанда, Алып Ер Тоңа екенін бір ақ білдік емес пе? Осыдан кейін ғана ұлы филолог М.Қашқаридің «Түрік сөздігінде» эпостық жыр үзінділеріндегі бас кейіпкер Алып Ер Тоңаға назар аудара бастадық.

       Тұранның ұлы қағаны Алып Ер Тоңаны тарихта болған, болып өткен тарихи тұлға ретінде және ол жайлы жазылған эпикалық тарихи жыр үзінділеріндегі басты кейіпкер ретінде танып білуге ұмтылдық.

       Алып Ер Тоңаның азан шақырып қойған аты Мадай (Ман Адай. Яғни Маңғыстаулық Адайлар М.Қ.)  екендігін біліп отырмыз... Ал, Алып Ер Тоңа оның халық атап кеткен мадақ аты екен. «Алып» деген сөз бүкіл түрік халықтарына ортақ мағынада айтылатын өте күшті батыр, қолбасшы баһадүр деген мағынаны береді екен. «Ер» сөзі батырлығымен даңқы шығып, бүкіл жүрт ардақтаған арыстан жүректі, жолбарыс жүректі жауынгер жандарға беріледі екен. Мысалы, қазақ эпостарындағы Ерсайын, Ертарғын, Еркөкше атауларынан көрініп тұр.

      Афрасиабтың артында Бармақ, Барсаған деген ұлдары мен Қаз есімді қыз қалған. Қызы Казвин, Кум қалаларын салдырып, Шу өзені бойында болып қала салумен де айналысқан.

      Алып Ер Тоңа тарихи тұлға болуы себепті де тарихшы М.Х.Дулати оның ата тек шежіресіне назар аударған. Өйткені М.Х.Дулатидің өзі Алып Ер Тоңа билеген Тұран жерінің бір өлкесінің тарихы мен шежіре, аңыз-әңгімелерін жасынан ойға тоқып, өткен тарих қойнауынан сыр тартқандықтан да Иран-Тұран халықтарының өткеніне ой жібермей тұра алмаған. ...М.Х. Дулатидің мәлімдеуінде Ұлы Тұранның ұлы қағанының арғы бабасы – Африддуң. Одан туған Тұр, оның ұлы Дад Нишин, одан тараған Пишеннен Алып Ер Тоңа туады. Алып Ер Тоңаның ататегі айтулы түрік тайпаларының бірінен шыққанын Бичурин де атап өтеді.

      ...Алып Ер Тоңа туралы эпикалық тарихи жырдың тілінде араб, парсы тілдеріндегі сөздер ұшыраспайды. Таза мөлдір сол тұста сөйленген түрік тілі негізінде жазылған» (М.Мырзахметұлы «Түркістан Тараз арасы...» Астана-2002. 159-162 беттер).

       Тұран демекші, Маңғыстаудағы Тұр, Тұран, Қара Тұран, Бел Тұран (нағыз Тұран) деген топономикалық атаулар Тұрандықтардың тегінің Қазақ екендігінен айқын хабар беріп тұрған жоқ па? Енді осының үстіне Атам Қазақтың сөздік қорындағы Тұранның сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) Ұр, Ұра, Ұран, Үр, Түр, Түрік (Тұр жігі (руы)) деген ұғымдар мен ел есімді қосып қойсаңыз тіпті де жаңылыспайсыз.

«Түріктердің ұлы ханы Афрасиябты Тонға Алып Ер деп атайтын еді. Бұл – жолбарыс сияқты күшті батыр адам деу «(Махмуд Қошғари. Девону луғот ит-турк. Т.111, Тошкент, 379 бет).

 «Шахнамада» «Афрасияб – Пашанғұлы, ал Пашанг Задшамұлы, Задшам Турұлы, Тур Фаридунұлы» делінген.

 «Бундахишн» атты еңбекте: «Афрасиаб-Панағұлы, Пашанг Заешм (Задшамұлы), ол Тургұлы, Тург Сенден Исәпұлы, бұл болса Ферейдунұлы (Фаридун)», - деп жазылған.

«Шахнамада» Нүзәрдің көптеген батырлық әрекеттері суреттеледі. Иран мен Тұран арасындағы бір кескілескен шайқаста Нүзәр Афрасиаб қолынан қаза табады. Афрасиаб осылайша, бір кездері Мәноучеһрдің қолынан қаза тапқан атасы Турдың кегін алады. Содан Иран елі үлкен дағдарысқа ұшырап,  Афрасиаб  он  екі  жыл  бойы  Иран  тағына  отырады.    ( С.Әбушәріп. «Тұранның ұлы қағаны – Алып ер Тонға». Алаш жорналы. №5 (26), 2009).

 «Сақтардың ирандықтар Афрасияб деп атаған аса көрнекті де қуатты көсемдерінің бірі Алып ер Тоңа. Ғұндардың болашақ басшысы Мөде Афрасиябтың оныншы ұрпағы. Афрасияб б.з.б. ҮІІ ғасырда өмір сүрген» - деп жазыпты Илмаз Озтуна «Оспан мемлекетінің тарихы» атты еңбегінде. (Стамбул. 1986. 22 бет).

 «Мырза Хайдар Дулаттың өзі және еңбегі туралы түркітанушы ғалым Н.Келімбетов: «Қазақтың тұңғыш тарихшысы Хайдар Дулаттың айтуы бойынша Алып ер Тоңа батырдың, яғни Афрасиабтың әкесі Пишен (Бешен), Пишендад – Нишиннің баласы, Дад Пишин – Тұрдың баласы, Ал Тұр болса, Афридунның баласы,  бұл деректер «Тарих-и-Гузиде» кітабы бойынша келтіріліп отыр. Ал, мұның өзі Хожа Рашид-ед-дин еңбегінен алынған еді» (24,17), Мырза Хайдардың еңбегін тарихи дерек ретінде пайдаланған (Ислам Жеменей. Мұхаммед Хайдар Дулат (Монография) Алматы-2007. 51 бет).

        Өздеріңіз көріп отырғандай Алып ер Тобыштың тегі әр түрлі дерек көздерінде әр түрлі болып жазылған. Бұзылмай жазылғаны жалғыз Тұр  атамыздың аты.  Себебі, Тұр атамыздың атын бұзып жазсаң, бұған ешкім де сенбес еді. Бүкіл Түрік пен Тұран атанған елдер бастауын осы атамыздың атынан алады.

        Бәрінің ішінде шындыққа келетіні Мұхаммед Хайдар Дулатидың келтірген дерегі болып табылады. Бұл жерде Алып ер Тоңаны – Алып ер Тобыш,  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір