• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:37:14
Алматы
+35°

23 Қазан, 2016 Кәсіпкер

Қытай көршіміз көкөністі қалай дайындайды?

"Қамшы" порталы бұған дейін де, көршіміз Қытай өндірушілерінің азық-түлік өндірісінде қандай қитұрқылықтарға баратыны туралы

"Қамшы" порталы бұған дейін де, көршіміз Қытай өндірушілерінің азық-түлік өндірісінде қандай қитұрқылықтарға баратыны туралы жазған болатын. "Егемен Қазақстанда" бірнеше жыл бұрын қытайлық азық-түлікке қатысты мәселе көтерілген. Онда "«Астана азық-түлік бел­деуін» қалыптас­ты­руға мемлекет қор­жы­нынан миллион­да­ған қаржы бөлінді, нақ­ты бағдарламалар жасалынып, жан-жақ­ты қолдау көрсетілді. Бірақ «баяғы жартас, бір жартас» дегендей, Астана қаласының азық-түлік қорына сол азық-түлік белдеуінің қосқан үлесі мардым­сыз. Қыруар қаржы құмға сіңген судай қай­тарымсыз кетті. Бас қаланың базар­ла­ры мен дүкен сөрелері сол баяғысынша Қы­тай­дың көкөнісі мен Ресейдің сүт ұнтағынан жасалған өнімдермен сауданы сапырып жатыр", - деп жазады бас газет.  Тек, Астана ғана емес, Қазақстан нарығында, әсіресе қыс айларында қытайлық көкөніс пен азық-түлік өнімдері мыңдаған тонналап сатылатыны жасырын емес. "Қамшы" порталы оқырмандарын базарда емін-еркін саудаланып жатқан сапасыз "Азық-түлік" өнімдерінен сақ болуға шақырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір