• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:13:14
Алматы
+35°

23 Қазан, 2016 Саясат

Қытайлар Қазақстанға келер визаны елшіліксіз 200 мың теңгеге алып жатыр

Қытайдың әлеуметтік желілерінде Қазақстанға келер виза елшіліксіз-ақ 200 мың теңгеге саудаланып жатыр. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық...

Қытайдың әлеуметтік желілерінде Қазақстанға келер виза елшіліксіз-ақ 200 мың теңгеге саудаланып жатыр. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы Ертай Нүсіпжанның әлеуметтік желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды. Ол, жазбасында, "Біздің елге арналған бір айлық туристік визаны Қытайдың qunar.com əлеуметтік сайтында ашық түрде қытайлар сатып жатыр. Онда виза жасатудың əуре-сарсаңына қарай əртүрлі баға қойылған. Мысалы, Қытайдағы Қазақстанның консулдық қызмет департаменттеріне бармай-ақ (собеседованиесіз) виза алу қызметінің құны 4000 юань (шамамен 200 000 теңге) деп көрсетілген", -деп жазады. Дипломатиялық принцип бойынша, виза алушы азамат, виза беретін елдің елшілігінде құжаттық диалогтан өтуі тиіс.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Қазақстанда келесі жылы өтетін "Expo-2017" ұлттық көрмесіне Қытайдан миллион турист келеді деп күтіліп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір