• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:52:50
Алматы
+35°

24 Қазан, 2016 Әлеумет

Шыңғысхан өсиеті: «Әйелдердің сөзіне аса сенбеу керек»

Шыңғысханның жолдауын   РҒА СБ филология институтының бас ғылыми қызметкері Ирина Невскаяның басшылығымен ғылыми диссертация қорғау аясында...

Шыңғысханның жолдауын   РҒА СБ филология институтының бас ғылыми қызметкері Ирина Невскаяның басшылығымен ғылыми диссертация қорғау аясында германиялық университеттің студенті Херлен Больд шешті. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. Ғалымдар шешкен қолжазба Алтай Республикасы А.В. Анохин атындағы Ұлттық Мұражайында сақталған.

 «Ақыл кілті» қолжазбасы XIII-XIV ғасырлардағы көне моңғол тілінде жазылған. Бұл ғылымға белгілі ең ежелгі моңғол қолжазбаларының бірі. Таулы алтай мұражайы қызметкерлерінің хабарлауынша, қолжазба сутра үзінділерін қамтиды. Көп парағы жоғалып қалған. Ғалымдардың пікірінше, Мәтінді бамбук таяқшаларымен және қылқаламмен жазған. Жоғарыдан төмен қарай жазылған классикалық моңғол хаты, жолдар оңнан солға қарай орналасқан.

Сутра балаларды тәрбиелеу кезінде тапсырма, өсиет түрінде ауызша таратылған болуы мүмкін. Бастапқыда оны Шыңғысханның өзі айтқан. Ауыздан-ауызға тарап, қолбасшының жолдауы қатты өзгеріске ұшыраған.

Жазбада Шыңғысханның кейінгі ұрпаққа  кеңестері жазылған, онда «сенімсіздік тудырған адамға сырыңды ашудың қажеті жоқ» делінген.

Сондай-ақ Шыңғысхан кеңестерінде «әйелдердің сөзіне аса сенбеуге» үндеген. «Құл арқылы ұлыңа бұйрық берме», «жауыз немесе іші тар адаммен кеңеспе», «көпшілік адам мақұлдағанды теріске шығарма» деген үзінділер бар. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір