• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қазан, 05:10:06
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

24 Қазан, 2016 Әдебиет

Шаһидолла Бөкеев. Я, Алла, Қайрат берші Қанатыма!

Қанат Исламұлының 29 қазан күні Болатын кездесуіне бүкіл қазақ елеңдеп, құлақ түріп отыр. Бауырымызға алла қуат-күш, жемісті жеңіс сыйласын деген...

Қанат Исламұлының 29 қазан күні Болатын кездесуіне бүкіл қазақ елеңдеп, құлақ түріп отыр. Бауырымызға алла қуат-күш, жемісті жеңіс сыйласын деген ішкі ой-арпалыс, тілектерім мен үмітімді өлеңмен жеткізгім келді.... 

Қазақтан шыққан батыр, дара тұлға, 
Я, Алла қуат берші Қанатыма. 
Бір үлкен намыс дода болғалы тұр, 
Қазақтың Алматыдай қаласында. 

Атылып арстандай айбарменен, 
Жолбарыстай жұлқысшы сол дәуменен. 
Артыңда 10 миллион қазағың тұр, 
Аллаға мадақ айтып қолдауменен.

Сенемін бауырымның күшіне мен, 
Сүйсінгем ізгілкті ісіне ерен. 
Осы жолы жеңісті, жемісті бол, 
Өңім түгіл тілекшімін түсімде мен. 

Серігі осы өнер ғұмырының , 
Күрзідей білем қатты жұдырығың. 
Сенемін сетер ұлдың жеңеріне, 
Томары мықты болсын тұғырыңның. 

Көз салсам жолдарыңа басып өткен, 
Қайратың бар әлемді ғашық еткен. 
Я, Алла осы жолы Қанатымды, 
Сақтай гөр жеңілуден, қасыреттен. 

Отырам тақым қысып жарыссаң сен, 
Тілекші, тілеушің боп алыстан мен. 
Қыранның тегеуіріні қанды болар, 
Құзғын құсап іздемес алыстан жем. 

Айналайын бауырым айбаттым-ай, 
Осы жолы бір үлкен қайрат қылғай. 
Көкірегін көтеріп көкіп тұрған, 
Дәу қараны аямай жер қаптырғай. 

Бүкіл әлем атыңды мақтан қылсын, 
Менменсіген талайды таптап жүрсің. 
Я, Аллам ақ жол берші Қанатыма , 
Дәу қараны аямай аттан жұлсын! 

Қиналам теңеу таппай келісті өлең, 
Өмір жолы болмайды тегіс кілең. 
Я, Алла қолдай көрші Қанатымды , 
Көк туды желбіретсін жеңіспенен. 

Қалтырмай дұшпандардың табасына, 
Қайырлмас қуат беріп қанатына. 
Бар қазақ шын жүректен тілекшісі, 
Я, Алла қайрат берші Қанатыма. 
Я, Алла жеңіс берші Қанатыма... 
Я, Алла жеміс берші Қанатыма....

Әмин!!! 

22.10.2016

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір