• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:20:46
Алматы
+35°

25 Қазан, 2016 Саясат

Бүгін Қазақстанның егемендік туралы декларациясы қабылданған күн

Бүгін Қазақстан Республикасының егемендік алған күні. Күнтізбеде ерекше дата болмағанымен әр қазақ үшін мәні ерекше мереке. 1990 жылы 25 қазан күні 18...

Бүгін Қазақстан Республикасының егемендік алған күні. Күнтізбеде ерекше дата болмағанымен әр қазақ үшін мәні ерекше мереке. 1990 жылы 25 қазан күні 18 сағат 55 минутта Қазақстанның «Мемлекеттік егемендік туралы Декларациясы» қабылданғанын еске сала кетейік. 2009 жылға дейін бұл күн Қазақстан күнтізбесінде "Республика күні" ретінде белгіленіп, мемлекеттік деңгейде демалыс жарияланатын.

10 жыл бұрын ата жұртына оралған ұлағатты ұстаз Аятжан Ахметжанның дәл осы күні жазылған ғұмыры он жылдық өлеңін "Қамшы" порталы назарларыңызға ұсынады.

Тәуелсіздік бастауы

Оттан ыстық, Отанның ұлы есімін,
Алыстан аңсап,
Арнамнан тасып жетілдім.
Жалындап жанған жас кезде,
Боданы болып басқа елдің,
Келмейді менің кетілгім.
Бодандық бұзып құрсауын,
Жырлап Отан құшағын,
Көрсетіп күшін өр тілдің.
Арына мінген арлан боп,
Ішінде жүрсем арман жоқ,
Жалындап жанған өртінің.

Бодан елдің жатқанда дерті тасып,
Арай таңның шапағын серпіп ашып.
Ерлік жігер, қазақтың қаны тасып,
Еткен соң бостандықты Алла нәсіп.
Қазақтың жарқыратып жұлдыздарын,
Алдық, міне, тәуелсіздік бетін ашып.

Бұл күн деген Отанымның көктемі,
Жарқыраған жұлдыздары көктегі.
Бұл күн деген тәуелсіздік жаршысы,
Қазағымның егемендікке жеткені.
Республикасы қазақтың,
Мойындалған азат күн.
Өшкені жанып қайтадан,
Ұланы келер шеттегі.

Бұл күн деген тәуелсіздік бастауы,
Қазағымның жаңа басқан асқары,
Ән мен жырға толтырып,
Тәуелсіздік шашуын,
Көмкеріп жырмен шашқаны.
Егеменді ертеңге,
Шуақ шашқан аттаны.
Қазақтың мәңгі рухын,
Сүйе біл қазақ жастары!

Картинки по запросу аятжан қамшы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір