• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:00:10
Алматы
+35°

25 Қазан, 2016 Айтты-ей, бауырың!

Адам болғым келмейді 
Ақылы бар. .
Қарыным бар резіңкеше созылатын
Жемқор болғым келеді, жемқор болғым
Жалғанды жалпағынан баса-тұғын
От та болғым келмейді!
Жылуым бар.
Крышам бар, керек пе жылыныңдар.
Жемқор болғым келеді, жемқор болғым -
Доллар нұры ойнақтап тұлымында,
Отыратын крышам құлыным деп.
Қанаттанып параны аларымда,
Болмасыншы аяқта тұсауым да.
Жемқор болғым келеді, жемқор болғым
18 жасар тоқалдың құшағында.
Доллар болса, кең жаһан тарылмайтын
Біреуге бар, біреуге табылмайтын.
Жемқор болғым келеді, жемқор болғым.
Ешқашан да "финполға" ұсталмайтын.
Беу, дүние десеңші...

Ержан Тәліптің фейсбук парақшасынан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір