• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:08:01
Алматы
+35°

25 Қазан, 2016 NEWS

Елбасымыз Мұхаммед пайғамбар мешітінде намаз өтеді

Ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігіне келген Нұрсұлтан Назарбаев Медина қаласында  провинция губернаторы Ханзада Фейсал бен Салман Әл Саудпен екіжақты...

Ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігіне келген Нұрсұлтан Назарбаев Медина қаласында  провинция губернаторы Ханзада Фейсал бен Салман Әл Саудпен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды "Қамшы" порталы Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды, сондай-ақ Масджид ән-Нәбауи мешітінің сәулетімен және интерьерімен танысты.

Одан кейін Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Королі Салман бен Әбдел Әл Саудпен келіссөздер нәтижесі бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отырған Эр Рияд қаласына келді.

Сапар барысында Сауд Арабиясы Корольдігінің тағы бірқатар ресми тұлғаларымен және іскер топтары өкілдерімен кездесу өткізу қарастырылған.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан Президентінің Сауд Арабиясында 24 және 25 қазанда ресми сапарда болатыны хабарланған болатын.

Бұған дейін, 21 қазанда Назарбаев БАЭ Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездескен еді. Сондай-ақ, сапар аясында, Ақорда Елбасының Қасиетті Мекке жеріне алғашқы сапары туралы құнды бейне материалды жариялағанын хабарлаған болатынбыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір