• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:46:12
Алматы
+35°

25 Қазан, 2016 NEWS

Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

 Астана қ. әкімнің баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйене отырып, қардың көп мөлшерде түсуіне байланысты елорданың коммуналдық қызметтері...

 Астана қ. әкімнің баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйене отырып, қардың көп мөлшерде түсуіне байланысты елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде деп хабарлайды qamshy.kz сайты.

«Астана Тазалық» ЖШС-інің ақпаратына сәйкес, қала көшелеріне 173 техника шыққан. 290 адам жаяу жүргінші жолдар мен гүлбақтарды тазалауға жұмылдырылды. Сонымен қатар, жолдарға құм-тұз қоспасы себілуде.

Синоптиктердің болжауы бойынша, ертең, 26 қазанда, Астанада көшпелі бұлт шығып, күндіз аздап қар жауады. Солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -8…-10°С, күндіз -3…-5°С болады.

27 қазанда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, сырғыма бұрқасын соғады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -6…-8°С, күндіз -1…-3°С болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір