• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:48:52
Алматы
+35°

26 Қазан, 2016 Саясат

Ал, «бісмілла» деп алақаныңды жайып, құлақ түр, Жамағатым менің!?.

...Ресей көсемінің сыртқы күштердің әсерімен көзқарасын өзгерте бастауы нені аңғартады?

Ең алдымен, ол өзгерсе, біздікі де өзгереді. Біздікі мұсылманшыл, аздап діншіл, аздап қазақшыл болып деген сияқты күйге түседі. Бұрын орысқа сенген, қытайға сенген. Енді олардан қайыр болмайын деп тұр. Ана Батыстағы офшорларға тыққандарын, шығыстағы офшорларға жанталаса ауыстырған. Енді одан қайыр болмайынтыны айдай ақиқат.

Ақыр соңында өзі иттей жек көретін мұсылман елдерінен қорған, пана іздей бастады. Ана тыққандарын енді дорбалап сол жаққа тасып, «инвестиция» деген желеумен елге біртіндеп алдыртады. Әйтпесе, еңбегі желге ұшады.

Жаңа жылдан кейін АҚШ пен Ресей арасында аласапыран болуы мүмкін. Немесе орыстың өзі оянып, өз ұрыларына қарудың күшімен қарсы шығып, төңкеріп тастайды. Ол жақтағы тәуелсіздігін аңсаған талай ұлт тәуелсіздіктерін алады, бөлінеді, бөліседі.

Оның салқыны біздің тойымсыз, тексіз ресейшіл ұрыларға да тиеді. Орыстар біздің ұрылардың бар қояларын ашады. Басқаша айтқанда, біздің ресейшілдердің ұрлықтары шығады. Қаша алмайды. Қашырмайды. Біз емес, шетелдік күштер. Қытайдан қайыр болмайды. Олардың өзі әзер елді тізгіндеп ұстап отыр. Қытай қозғалса, топансу басқанмен бірдей.

Біздің құл-құтандарға қалған ендігі жалғыз жол - өтірік қазақшыл, ұлтшыл, мемлекетшіл болып, қысқа ғұмырларын ұзарта түсу. Ол да ұзаққа бармайды. Бәрі быт-шыт болады.

Соның нәтижесінде Қазақ, Қазақ Елі нағыз Тәуелсіз мемлекет болады. Осы айтқаным келмесе, арғы қолыңды бері әкел?!.

Жұмаш Кенебай(Көкбөрі)

25.10.2016 жыл

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір