• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 18:49:05
Алматы
+35°

2016 жылғы 27 қазанда сағат 16.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Әл-Фараби» атындағы кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1986 жылғы Желтоқсанның 30 жылдығына арналған форум-конференция өтеді. Шараға оқу орнының басшылығы мен профессорлық-оқытушылар құрамы, 1986 жылғы Желтоқсанға қатысушылар және студент жастар қатысады.

Ағымдағы жылы Алматы қаласында 1986 жылғы Желтоқсанның 30 жылдығын атап өту аясында жастарды патриоттық рух пен отансүйгіштікке баулу бағытында «дөңгелек үстелдер», конференциялар, кездесулер, әдеби кештер, спорттық жарыстар, жалпы саны 110 түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Жоғарыда аталған шараларға 300-ден астам «желтоқсандықтар» қатысып, 10 500-ден астам қала тұрғындары қамтылды. Сондай-ақ, Желтоқсанның 30 жылдығы аясында Қ.Сәтбаев пен Желтоқсан көшелері қиылысында орналасқан «Тәуелсіздік таңы» ескерткішін қайта қалпына келтіру (реставрация) және кешкі уақытта жарықтандыру жұмыстары жүргізілгендігін атап өткіміз келеді.

Алматы қаласының әкімдігінің ІІБ ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің ұсынған материалы.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір