• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:01:41
Алматы
+35°

Қырғызстанның Джалал-Абад облысындағы Созақ ауданынының 15 жасар тұрғыны "10 000  сом ұрлады" деген айыптың ауыртпалығын көтере алмай өз-өзіне қол жұмсады. Жеткіншектің ата-анасы өлімге ауылдастары менен милиция қызметкерлерін кінәлап отыр деген ақпарат қырғыздық сайтта пайда болды. Материалды қазақ тіліне аударып, назарларыңызға ұсынамыз.

15 жасар баланың өзін-өзі өлімге қиюы бүкіл Сымқат ауылының тұрғындарын есіңгіретті. Әлімбековтар отбасысы әлі күнге шейін ес жия алмай отыр. Себебі Шерзаттің өмірі қыршынынан қиылды...

23 қазан күні кешке жақын Шерзат Әлімбеков асулы күйінде үйінен табылыпты. Бала ауруханаға жетпей, жолда көз жұмады. Соңғы минутта Шерзаттың қасында болған көкесі Эркинбек Әлімбеков жиенінің суицидке бару себебіне қатысты өз ой-пікірін былайша білдірді:

 – Кубаныч есімді баланың қалтасынан 10 000 сом жоғалыпты. Ұрлықты менің жиенімнен көріп, оны ұрып-соғады. Қоқан-лоқы көрсетеді. Жиенім бар кінәні өз мойнына алуға мәжбүр болады. Бірақ "кінәлі емес екенін, 10 000 сом алмағандығы" туралы маған сыр шертіп, көмек қолын созуымды өтінеді. Содан соң мен өз кезегімізде милицияға барып, басшылықпен кездестім. Басшы болса арыз жазған күні менің жиенімді темір торға отырғызатынын жеткізді. Үйге келген уақытта жиенімді әңгіме тартып, шындыөты айтуын сұрадым. Шерзат кінәсіз екендігін дәлелдеп шығатынын не өз-өзіне қол жұмсайтындығын кесіп айтты. Мен бұл сөздерге "бала ғой, аңдамай айта салды" деп онша мән бермедім.

16 қазан күні Созақ ауданының Октябрь учаскелік бөлімшесіне Шерзатты жеткізіп, тергеу астына алады. Тергеу болатындығы жайлы хабар баланың жақындарына  айтылмайды.

Шерзатты тергеп болған соң милиция айыпталушының әкесі Талант Әлімбековті алдарына шақырып, баласының ұрлық бойынша айыпталып отырғандығын мәлімдейді. 

 – Сол күні Шерзатты кінә таққан бала Кубанычтың көзінше үй іштегілеріне ескертпей, ата-анасын шақыртпай тергейді. Мен милицияға келгенге дейін балама түсінік хатын жаздырып алыпты. Шерзаттың қалтасында дәретхана шұңқырын қазып бергені үшін алған 3500 сомы еңбекақысы бар екен. Милиция 3500 сомды заттай дәлел ретінде іске тіркейді. Мен 10 000 сом ақшаны кінә тағушы жаққа ұсындым. Олар болса арыздарын қайтарып алаы. Милиция бірақ баламның қалтасынан шыққан 3500 сомды бермей қояды. Айып тағушының әкесі Бақыт Токтосунов кезінде органда істегендіктен милицияның бүйрегі сол тарапқа бұрып тұрғанын байқадым.

Суицидке бармас бұрын Шерзат айыптаушы жақ оны таяқ астына алғандығын, шын мәнінде кінәсіз екендігін, анасын қатты сағынғандығын, ақша табу үшін Ресейде жүрген анасын көргісі келетіндігін айта отыра соңғы хатын жазып кетіпті.

Хаттың мазмұны төмендегідей: "Папа, мен Бақыт бай-әкенің 10 000 сомын ұрлаған емеспін. Түнгі сағат екіде Бақыт бай-әкенің ұлы мені ағашқа байлап, 10-15 рет арқамнан, 5-6 рет басымнан, бетімнен ұрғаннан көз алдым тұманданды. Мені өлтіре ме деп қорықтым. Қорыққаннан кінәні мойындай салдым. Бұл хатты сіздерден бөлек 2-3 адамға да жаздым.  Папа, мен тек анамның үйге келуін күтіп жүрмін. Егер ол 2-3 күнде келетін болса, оны бір рет көрсем жеткілікті. Менің 3500 сомым, сіздің 10 000 сомыңыз үшін олардың 100 000 сом беруін талап етемін. Мені басқа жерден іздемеңіздер. Мен Бақыт бай-әкенікінде боламын. Соңғы сөзім  – арым таза."

Шерзаттың әкесі Талант Әлімбеков кінәлі кім болса да өз жазасын алуы керектігін айтты.

Жеткіншектің таяқ жеуіне байланысты милицияда іс қозғалмапты. Себебі Шерзат ауылдастырының, достарының көзінше ұятқа қалмас үшін сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартыпты. Айыптағушы тарап Бақыт Токтосунов бұл оқиғаға өз баласының қатысы жоқтығын, ұрлау фактісін жергілікті милиция дәлелдеп шыққанын алға тартады.

Джалал-Абад облысының ІІБ баспасөз хатшысы Мықтыбек Турдукулов милиция әрекеті заңды болғандығын хабарлады:

"Аталмыш факті бойынша іс қозғалып, Шерзат Әлімбеков айыпталушы ретінде тергеуге алынды. Тура сол сәтте жақындарына хабар берілді. Баланы қолға ұстаған кезде қалтасынан ақша және тирге арналған винтовканы тәркілейді. Бұл іске заңи баға беру мәселесі қазір қарастырылып жатыр. Марқұмның ата-анасы милицияға жүгінген емес".

Шерзат 2002 жылы дүниеге келген, отбасындағы төрт баланың ең кенжесі. Анасы мен үлкен ағасы ұзақ уақыт бойы Ресейде нәпақа табумен жүр. Шерзаттың ата-анасы Шерзат дүниеден озған күні сот-медициналық сараптама жүргізіліп, істің жан-жақты зерттелуін талап етті.

 

Материалдың түпнұсқасы: http://ww.azattyk.org/a/kyrgyzstan_suzak_teens_suicide/28073675.html

Аударған: Жазира Байдалы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір