• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:21:49
Алматы
+35°

27 Қазан, 2016 NEWS

ҚР ҚК-нің әскери қызметшілеріне жаңа пәтерлердің кілті табыс етілді

Әскери қалашықтарды дамыту және әскери қызметшілерді қызметтік баспанамен қамтамасыз ету қазақстандық әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қолдаудың...

Әскери қалашықтарды дамыту және әскери қызметшілерді қызметтік баспанамен қамтамасыз ету қазақстандық әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қолдаудың басымдық бағыттарының бірі болып табылады, деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпарат сайтына сәлтеме жасап. 

2016 жылдың 26 қазанында 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне пәтерлердің кілті табыс етілді. Жаңа 2 қабатты 24 пәтерлі тұрғын үй әскери қалашықтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде жедел салынатын үйлердің жеке жобасы бойынша тұрғызылды.

Салынған үй тұруға толығымен дайын. Пәтерлер кіріктірілген жиһазбен жабдықталған, кәріз жүейсі салынған. Әскери қызметшілер мен олардың отбасылары жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған.

Абаттандырылған аумақта ойын, балалар алаңқайы мен автомобиль тұрағы қарастырылған.

«Бүгін біз үшін қуанышты күн. Біз көптен күткен пәтердің кілтіне ие болдық. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымыз жыл сайын жақсарып келеді. Бұл Жоғарғы Қолбасшымыз және Қорғаныс министрінің еңбегі екенін атап өткім келеді. Әскери қызметшілеріміз еш нәрсеге алаңдамай қызметтерін атқаратын болды. Себебі, пәтерлерде барлық жағдай жасалған», - деп атап өтті 68665 әскери бөлімнің взвод командирі аға лейтенант Әсет Әбілқасов.

«Қорғаныс министрлігі басшылығының қабылдап жатқан шараларының арқасында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің күнкөріс деңгейі мен әл-ауқаты артып келеді»,-делінген баспасөз мәліметтерінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір